№
|
Ескертпелер
|
Мұғалім талдауы
|
1
|
Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?
|
Оқушылардың ойлау, есту қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, шығармашылқпен жұмыс жасату көзделді.
|
2
|
Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?
| Саяхат сабағы. Сабақта қазақтың салт-дәстүріне саяхат жасай отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, «Шыбын ұрғыш» әдісі мен «Тез табамыз» ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есту қабілетін дамыту) үшін пайдаланылды. Яғни, Padlet- онлайн тақтасы және Wordwool арқылы жүзеге асты.
|
3
|
Сабақта қандай мақсаттар алға қойылды?
|
Тақырыпты меңгере отырып,тапсырмаларды орындайды және музыкалық шығармаларды сипаттайды.Музыканың көркемдеуіш құралдарын, қазақ халық аспаптарын ажыратады.
Музыкалық шығармаларға қарапайым қозғалыстар жасайды.
|
4
|
Аталған мақсаттарға жетуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?
|
«Шыбын ұрғыш» әдісі арқылы оқушылар өткен сабақты қайталай отырып, жаңа сабаққа жол ашты. Берілген бейнесюжеттерге саяхат жасау арқылы , жаңа сабақты түсінуге мүмкіндік алды.Интерактивті тапсырма, «Тез табамыз» ойыны,импровизация жасау арқылы оқушылар бұл сабақты меңгеріп кетті.
|
5
|
Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс
болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?
|
Алға қойған мақсат белгілі болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті. Бірақ, өткенді қайталауда уақыт жағынан сәл ұтылдым. Оқушылар деңгейі сабақты меңгергендіктерін «Муза баспалдағы» арқылы көрсетті.
|
6
|
Оқушымен жеке,жұптық,топтық жұмыстар болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?
|
Блум таксаномиясы арқылы алдымен жеке оқыту жүзеге асты. Берілген мағлұматты түсіне оқи отырып,Ортекенің не екендігін,оның шығу тарихымен танысып, «Ортеке» әнін топпен орындады. Шулы аспаптарды қолдана отырып, дирижерлік қимыл арқылы әнді орындап шықты.Шығармашылық жұмыс-Ортеке биін қимыл-қозғалыспен жасау берілді. Жұптық жұмыс Нұрталап пен Еламанға берілді. Себебі, Нұрталап инклюзив оқушы болса, Еламан озат оқушы болғандықтан көмекке берілді.
|
7
|
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)
|
Оқушылардың сабаққа қызығушылықтары жоғары болды.Себебі, «Шыбын ұрғыш» әдісі оларға өте ұнайды.Ән орындау барысында шулы аспаптарды қолдануды қызыға қабылдайды.
|
8
|
Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?
|
Интер белсенді тақта,шулы музыкалық аспаптар,қағаздан жасалған қиындылар жиынтығы,бағалау тақтайшасы. Бұлардың барлығы сабақтың өз деңгейінде өткізілуіне арналған қажет құралдар.
|
9
|
Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.
|
Сабақ барысында оқушылардың ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және құрметтеуге тәрбиеленді.
|
10
|
Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?
|
Мұғалім кез-келген ситуациядан шыға алу керек.Ол үшін мұғалім қоржынында қосалқы әдіс-тәсілдердің болуы заңдылық.Себебі, сабақ кезеңдерінде өзгеріс орын алуы әбден мүмкін.
|
11
|
Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?
|
Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
|