№
|
Ескертпелер
|
Мұғалім талдауы
|
1
|
Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?
|
Оқушылардың ойлау, есту қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, шығармашылқпен жұмыс жасату көзделді.
|
2
|
Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?
| Саяхат сабағы. Сабақта қазақтың салт-дәстүріне саяхат жасай отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есту қабілетін дамыту) үшін пайдаланылды. Яғни, Padlet- онлайн тақтасы арқылы жүзеге асты.
|
3
|
Сабақта қандай мақсаттар алға қойылды?
|
Негізгі музыкалық ұғымдарды анықтай отырып,салт-дәстүр,фольклор жайында білімдерін толықтырып,әнді дирижерлік қимыл көмегімен орындай алу.Бесік жыры әнін құрастыру,шығармашылықпен жұмыс.
|
4
|
Аталған мақсаттарға жетуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?
|
Қазақтың салт-дәстүрін меңгертуде,сабақта «Шыбын ұрғыш» ,3Қ, «Муза баспалдағы» секілді ойын мен кері байланыс түрлерін алдым.
|
5
|
Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс
болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?
|
Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.
|
6
|
Оқушымен жеке,жұптық,топтық жұмыстар болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?
|
Блум таксаномиясы арқылы алдымен жеке оқыту жүзеге асты. Берілген мағлұматты түсіне оқи отырып,Бесік жыры әнін топпен орындады. Шулы аспаптарды қолдана отырып, дирижерлік қимыл арқылы әнді орындап шықты.Шығармашылық жұмыс-өзіндік бесік жыры әнін құрастыру жұптық жұмысқа берілді.
|
7
|
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)
|
Оқушылардың сабаққа қызығушылықтары өте жоғары болды.Себебі, «Шыбын ұрғыш» әдісі оларға өте ұнайды.Ән орындау барысында шулы аспаптарды қолдануды қызыға қабылдайды.
|
8
|
Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?
|
Интер белсенді тақта,шулы музыкалық аспаптар,қағаздан жасалған қиындылар жиынтығы. Бұлардың барлығы сабақтың өз деңгейінде өткізілуіне арналған қажет құралдар.
|
9
|
Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.
|
Сабақ барысында оқушылардың ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және құрметтеуге тәрбиеленді.
|
10
|
Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?
|
Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын.
|
11
|
Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?
|
Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
|