Мұғалім топтарға өлеңнің мәтінін таратып бергеннен кейін былай дейді:
– ҚР Мемлекеттік Туы туралы тақпақ біздің елімізде болмаған, Мемлекеттік Туымызды ешқашан көрмеген шетелдік азаматтың қолына түсті делік.
Тапсырма. Ол азамат өлеңнің мәтініне қарап Қазақстанның Мемлекеттік Туын қалай елестетер еді? Өлеңдегі ҚР Мемлекеттік Туы туралы түйін сөздердің астын сызыңдар:
Желбірейді қалықтап, Қазақстан көк туы.
Бақыт тілеп тұр бүгін Ол барлық пәк балаға. Ұлттық өрнек мұрамыз, Адастырмас мұраттай. Нық көтеріп тұрамыз, Жалауды біз құлатпай!
«Оқушы дәптеріндегі» В.1-2 тапсырмаларындағы қажетті сөздерді тауып орындайды.
Ж. Оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын тауып, өз беттерімен (немесе мұғалімнің көмегімен) басқа мемлекеттердің туын (Ресей, Өзбекстан, АҚШ)
анықтайды.
Топтарға өлең мәтіні таратылады
Топпен жұмыс істей отырып балалар өлеңді оқып, ондағы ҚР Мемлекеттік Туы туралы түйін сөздердің астын сызады:
көк аспан, қыран қалықтап, нұрлы Күн, ұлттық өрнек.
Мұғалім: – Балалар, бүгін сендер еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы оның өзіндік ерекшелігіне аса мән берулерің керек.
Себебі сендер Рәміздер мемлекеттің бет- бейнесі екенін білдіңдер. Олар қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін айғақтайтын нышан. Бұл нышандардың
бейнесі біздің ата бабамыз сақтардың өмір салтында қолданылып келген қол өнер туындыларында бейнеленген. Біз бұл
жәдігерлерді құрметтеп, тарихи мұра етіп, бүгін Егеменді ел болып, Тәуелсіз мемлекет болғанда рәміздерімізді сол бейнелермен өрнектеп жаңғыртудамыз. Сондықтан оқушылардың назарын мұғалім Туда,
Елтаңбада берілген ұлттық ою-өрнектерге баса назар аудартуы керек.
Мұғалім: – Әлемде тулары қайталанбайтын екі жүздей мемлекет бар. «Оқушы
дәптерін» ашыңдар, В.3. тапсырмасын орындаймыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын табыңдар. Суреттерден қай мемлекеттердің туларын таныдыңдар?
Сергіту сәті.
«Сақтар деген кімдер?» тақырыбына оралып, сақтардың қолөнерінде қандай ою-өрнектер
болғанын осы рәміздердің белгілерімен салыстырады.
Оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының өзіндік ұлттық ерекшелігіне мән
береді.
Сергіту жаттығуын орындайды.
Оқулық
Оқушы дәптері
Мұғалім балаларға: – Көздеріңді жұмыңдар.
Мұрындарың Буратиноның мұрынындай ұп-ұзын деп елестетіңдер. Енді көздеріңді жұмған күйде мұрындарыңның ұшымен ауада өз аттарыңды жазыңдар. Ал біз кім жақсы орындағанын байқаймыз.
Мұғалім: – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы басқа елдердің елтаңбаларынан несімен ерекшеленетінін түсіну үшін тағы да өлең жолдарына ораламыз.
Мұғалім өлеңді оқып тұрып балалардың назарын оқушы дәптеріндегі В.4.
тапсырмасының суреттеріне аударады.
Тапсырма: өлеңді тыңдап және суреттерге қарау арқылы ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы басқа елдердің елтаңбаларынан несімен ерекшеленетінін анықтаңдар.
Бейнелеп сан ғасырды Елтаңбасы елімнің.
Таратады хас үлгі, Киесіндей елімнің.
Бабам тұлпар жаратты, Шайқалмайды шаңырақ. Құт-береке шаңырақ, Орын алған ол төрден.
Қос қанатты арғымақ, Екі жақтан көмкерген.
Әлемдегі елдер өз елтаңбаларын түрліше безендіреді. Кейбіреулерінде жыртқыш аң
Оқушылар оқушы дәптеріндегі В.4.
тапсырмасынан Қ.Р. Мемлекеттік Елтаңбасынан ұлттық ерекшелік белгілерін атап береді.
Оқушы дәптері
Елтаңба суреті https://hotplayer.ru/?s
(барыс, арыстан) немесе жыртқыш құс (екі басты бүркіт), қару-жарақ (семсер, найза) бейнеленген. Ал Қазақстан елтаңбасында бірлік, достықты бейнелейтін шаңырақ,
батылдық пен сенімділікті бейнелейтін қанатты тұлпар бейнесі бар.
«Оқушы дәптеріндегі» В.4. тапсырмасын орындаймыз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын тап. Мұнда мемлекеттік елтаңбалары бейнеленген мемлекеттердің атын мұғалімнің көмегімен жазады.
Мұғалім оқушылардың назарын Жапонияның елтаңбасына аударады (хризантема (бақытгүл) түрінде).
Т. Оқушылар өлеңді тыңдағаннан кейін Мұғалім Венн диаграммасын толтыруды ұсынады.