Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет50/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Күш – қуат жұмсау. Гимнастикалық жаттығуларды орындауда уақыт өлшемі өте тез және жаттығу орындауға көп күш – жігер жұмсалады. Жаттығу кезінде қимылды қайта орындауды қоса есептегенде қуат жұмсау 4000ккал және одан да көп мөлшерде болады.
Тыныс алу. Вегетативтік ағзалардың функциясының өзгерісі кейбір гимнасикалық жаттығуларды орындау барысында өзгерістер байқалады. Статикалы күш жұмсау арқылы орындалатын жаттығуларды орындауда Лингард феномені аңғарылады, ол жаттығу жұмыстарын аз орындаған гимнастарда байқалады. Күшпен орындалатын жаттығуларды орындау үшін дене ширатылады. Осы кезде ішкі көкірек мүшелерінде қысым көтеріліп, қанның қайта бөлінуіне, қан тамырлар жүйесінде қанның көбейіне әкеліп соқтырады. Бұл жағдай Лингард феномені аз жаттыққан гимнастарда айқын көрінеді.
Оттегіне сұраныс. Гимнастикалық жаттығуларды орындау кезінде оттегін пайдалану жаттығулар тез қысқа уақытша орындалатындықтан аз болады. Оттегіне сұраныс 2-2,5л мөлшерінде ғана болады. Аэробтық өндіру көп емес. Гимнаст ерлерде ӨТС көлемі 3,5л/мин деңгейінен аспайды. Дегенмен жаттығу жұмыстарының әр түрлі сатысын орындау, жалпы күш – қуатты көп шығаруды қажет ететін физикалық дайындық жаттығуларын орындаған кезде ӨТС 4л/мин болуы мүмкін. Гимнастардың аэробтық өндіруінің көтеріңкі болуы өте қажет, себебі бұл көрсеткіш арнаулы төзімділік компаненттерінің бірі деп есептелінеді.
Қан айналым мүшелері. Гимнастардың функциональдық жағдайына байланысты қан айналымында бұлшық еттерінің тыныштық кезіндегі жағдайы дайындығы жоқ адамдардың қан айналымынан айырмашылығы жоқ. Егер дайындық жұмыстары толық жүргізілген уақыттағы қан қысымы 120-140 сын/ бағ/мин деңгейінде болады. ЖСЖ 60-70 сын /бағ/мин, жүректің көлемі -800 см3 мөлшерінде. Мысалы, спорт шеберінің қолында жаттығу жасау барысында ЖСЖ 180-200 уд/мин жетеді. Бұл көрсеткіштің жоғары деңгейлі спортшылардың гимнастикалық жаттығуларға жан – жақты дайындық қажеттігін көрсетіп отыр. Тек гимнастикалық жаттығулар орындау спортшының вегетативтік функциясына көп әсер етпейді және оның физикалық жұмыс қабілетінен жақсаруына әсер етпейді. Зерттеудің негізінде байқалғандай төзімділікке арнайы дайындықтан өтпегендердің жаттығу барысында әлденеше техникалық кемшіліктерге жол береді. Мысалы, қарапайым жаттығуларды орындау барысында дененің тепе – теңдігін сақтай алмау байқалады.
Көпшілік гимнастикалық жаттығулар қан айналым жүйесіне белгілі дәрежеде талап қояды. Перекладинанны айналған кезде, айналмалы жаттығу жасаған кезінде, акробаттық жаттығулар жасағанда, еркін жаттығуларды орындаған кезде қанның денеге бөлінуі жүреді. Бұл жағдай перекладинаны айналғаны анық байқалады. Орталық қан айналымның айналысы дайындығы нашар гимнастың төменгі тамырларға түседі. Қорытындысында жұмыс істеп тұрған доғарғы тамырларға қан аз барады да, спортшының жұмыс қабілеті төмендейді. Жаңадан дайындықтан өткен жаттыққан спортшыда қан айналымында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Бас төмен қарап тұратын жаттығуларды орындауда тартылыс күшінің әсерінен қан бас тамырларына ауысады. Жаттықпаған гимнастың мұндай кезде бастың қанмен жабдықталуы көбейеді. Жақын арада дайындалған, жаттығу жұмыстарын арнайы жүргізген гимнастарда қан айналымы тамырлардың тартылуына байланысты мұндай қиындықтар болмайды.
Қанның құрамы.. Гимнастикалық жаттығуларды орындағанда қанның құрамы өзгермейді. Бөліп шығару функциясы да көп өзгеріске түспейді.
Көркемдік гамнастикада қимылды басқару ең алдымен қимылдың күрделі үйлестігінің талаптарымен анықталады. Жоғары кеңістіктік дәлдік қажет. Ол әсіресе снарядта орындалатын жаттығуларда жоғары болады. Көзбен дәлдеу үлкен мәнге ие, бірақ дағдыланып игеру кезінде жетілгендігі соншалықты жоғары, тіпті кейбір дәл қимылдар (құрсау, доп) кез бақылауынсыз орындалады.
Үлкен секірулерді орындау кезінде аяқ бұлшық еттерінің жылдам-куш жұмысы үлкен мәнге ие.
Тек секіру кезінде емес, сонымен қатар жерге түскен кезде де қимылды дәл басқару қажет. Бірінші жағдайда одан гимнаст спортшы денесінің көтерілу биіктігі мен қашықтығы байланысты, екіншіден жерге түсудің жұмсақтығы байланысты.
Дененің икемділігіне жоғары талаптар қойылады. Одан иық және жамбас-сан буындарындағы, омыртқадағы қимыл амплитудалары (жиілігіне) байланысты. Гимнаст спортшының буынындағы икемділігі тек тірек жағдайында емес, көтерілу кезінде де қолданылады. Яғни, бұл бұлшық еттердің созылуы ауырлық күшінің әсерінең - енжар емес (бұл спорттық гимнастиканың еркін жаттығуларында жиі болады), ол антагонистік бұлшық еттердің тез жиырылу әсерінен белсенді түрде болады.
Көркемдік гимнастиканың жаттығулары шеберлердің орындауында салыстырмалы үлкен энергия шығынымен байланысты. Жарыста өнер көрсету кезінде жүрек соғу жиілігі минутына 180-200 рет болады. 2 минут ұзақтықтағы көркемдік гимнастиканың комбинацияларын субмаксималды қуат аймағына жатқызуға болады. Яғни, бұл жұмыс едәуір оттегі қарызымен байланысты. Эксперименттік зерттеулер мәліметі бойынша көркемдік гимнастиканың комбинацияларын орындау кезіндегі оттегі қарызы 4,1 литрден асады. Осыған байланысты физиологиялық жүктеме дәрежесі бойынша көркемдік гимнастика спорттық гимнастикамен пара-пар деп санауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет