Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары


Жүзудің физиологиялық сипаттамасы



бет51/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Жүзудің физиологиялық сипаттамасы: Жүзу спорттың бір түрі есебінде белгілі. Спорттық қимыл суда атқарылады. Жердің тартылу күші мысалы, жүгірушінің жерді тіреп қозғалуы су спорттында жоқ. Ол қимылды суда қолымен, аяғымен ысырып қозғалады. Жүзуші өзінің қозғалысын ауасыз кеңістікте орындап жүрген сияқты сезінеді, суда оның денесінің салмағы 2-3кг болады. Демалған кезде оның негізгі салмағы судың негізігі салмағынан аз болады. Дем шығарған кезде оның негізгі салмағы судан ауыр болады.
Су ішінде дененің салмағының азаюы жүзушінің жұмысын жеңілдетеді. Бірақ судың кедергісі ауаның кедергісінен көптеу болғандықтан қозғалысты қиындатады. Судың кедергісі жүзудің қарқынына байланысты: ол қаншалықты көп болса. Онда кедергі де көп болады. Мысалы 100м еркін жүзуде спортшының денесіне үш есе кедергі жасаса 800 метр қашықтыққа жүзгенде кедергі оған аз болады.
Сенсорлық жүйелер. Жүзуші қашықтықты қандай шапшаңдықпен жүзіп келе жатқанын білу өте маңызды.
Жаттығу кезінде спортшы қашықтықты қандай шапшаңдықпен жүзіп келе жатқанын байқау керек. Сол арқылы судың кедергісін анықтауға болады. Бұндайда негізгі орын тактільді сенсорлық жүйеге жатады. Тәжірибелі спортшы өзінің құлаштай жүзу кезінде судан құлашы мен серпілгенде қанша күш жұмсағанын аңғара алады. Әрбір құлаштағанда терінің тактильдік рецепторына жағымсыз әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар жүйке жүйесіне, бұлшықеттерге, буынға да тигізетін әсері көп болады. Олай болса, жүзудің қарқынын анықтауға серсорлық жүйеде қатысады. Жүзу кезінде ауа мен дем алу үшін спортшының басы, мойыны қозғалысқа түседі, осыдан барып вестибулярлық сенсорлық жүйенің рецепторлары өзгеріске түседі. Әсіресе белгілі қашықтыққа жеткенен кейін қайта оралу үшін дене, бас, мойын қозғалысқа түседі. Дене айналады. Брасс және батерфия түрінде жүзгенде бас вертикальды түрінде болады, осы жағдайда да вестибульярлық рецепторларға кері әсер етеді.
Вестибулярлық реакция жүзуді жаңадан бастаған жүзгіштерде кездеседі. Оларда салқын судың құлақтың есту өзегіе еніп кетуі кездеседі. Вестибулярлық аппаратты зақымдаған адамдарға спорттың бұл түрімен айналысуға болмайды.
Күш жұмсау. Жүзу кезінде күш (энергия) жұмсау көп мөлшерде болады. Басқа айналмалы жаттығуларда күш жұмсау өте көп болмайды. Бұның негізгі екі түрі бар: біріншіден, судың кедергісін жеңу үшін қосымша бұлшықет күші керек.(1м қашықтықтағы жолға күш 4 рет көп жұмсалады, жәй жүріс кезінде), екіншіден, көп мөлшердегі күш жылу есебінде жоғалады, ауамен салыстырғанда суда жылу көп жұмсалады (мысалы: 120 суда 4 мин ішінде адам 1 сағат ішінде ауада жұмсайтын жылуды жұмсайды). Суда жүзу кезінде күш жұмсау 19 - таблица.



Көрсеткіщтер

Қашықтығы, ұзындығы, м

100

200

400

1500

Спорттық көрсеткіш

0,54

1,59

4,50

17,50

Оттегіге сұраныс, л

11,5

13,9

30,4

80,2

Күш жұмсау, ккал

37,7

63,9

135,9

413,2

100 және 400 метр қашықтыққа жүзу жұмыстың субмаксимальды қуат түріне жатады. Бұнда буын бұлшық еттерінің қысқаруын аэробтық процесстермен қатар анаэробтық глюкозалардың және бай фосфорлық қосындылардың күші (қуаты) арқылы жүзеге асады. 1500 м қашықтыққа жүгіруде үлкен қарқынды жұмыс орындалады.


Сондықтан күшті жабдықтаудың көп бөлігі глюкозаның қышқылдануына байланысты болады. Жоғары класты спортшылардың жұмыс істеп тұрған бұлшықеттерінің энергиямен жабдықталуы субмаксимальды күшпен өтіледі. Бұлшық еттердің жүзу кезіндегі жұмысы жарыс жүріп жатқан судың жағдайына да байланысты болады.
Жердегі спорт түрлерінде бұлшықет статикалық қуат режимде жұмыс істейді. Жүзу спорттында бұл сақталмайды. Мысалы, жүгіруде аяқты ілгері сілтеп тастау қайталана береді. Ал суға жүзу кезінде қол және аяқ бұлшықеттері күшті жүктеме атқарады.
Тыныс алу. Суға жүзу спортшының тыныстауы жүзу үшін қолмен суды күреп есудегі қолдың қимылының санына қарай жүзуші тыныс алады. Жүзудің осы артықшылығы оны спорттық басқа айналмалы түрінен басқаша қарауға жетелейді. Тыныс алғанда немесе тыныс шығарғанда спортшы судың кедергісін азайтады. Осы жағдай жүзушінің демалыс бұлшық еттерінің жұмысын жақсартады. Бұл жел көбеюіне және өкпенің орташа желдетілуіне әсер етеді. 100 және 200 м жүзгенде оттегін жұту жаттыққан адамдар үшін олардың ӨТС жақындайды. Бірақ осы қашықтыққа жүзгендердің оттекпен қамтамасыз етілуі қанақаттандырылмайды. Соның салдарынан оттекке сұранысы өседі. Ұзақ қашықтықтарға жүзгенде оттегін пайдалану бұрынғы деңгейде болады, бірақ минуттық оттегіне сұраныс азаяды, себебі қашықтық ұзарады.
Таблицада аэробты және анаэробтық көрсеткіш жүзуден спорт шеберлерінің, стайерлер арасындағы көрсеткіштері берілген. Жүзгіштердің аэробты және анаэробтық көрсеткіштері берілген (Н.и.Волков).



Көрсеткіштер

спринтерлер

Стайерлер

МПК, мл/кг 1 мин

65,2

72,6

Оттегіне қарызы, мл/кг

157,9

137,3

Оттегі алактатық қарыз мл/кг

44,7

44,8

Оттекке қарыз лактатық бөлік

113,2

92,5

Бақылау сұрақтары:



  1. Гимнастикамен айналысу сүйек байланыс аппаратына беретін жағымды әсерлері.

  2. Гимнастикадағы қозғалыс қызметінің артықшылығы.

  3. Жүзудің физиологиялық сипаттамасы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет