Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет2/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Бақылау сұрақтары:
1.Бейімделудің түрлері
2.Адамның жалпы мүмкіншіліктері
3.Қызметтік, құрылымдық бейімделулер дегеніміз?


Пайдаланған әдебиеттер:
Негізгі:
1.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
2.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
3.Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Қосымша:
1.Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
2.Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
3.Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010

2Лекция




Сабақтың тақырыбы: Бейімделудің түрлері
Сабақтың жоспары:
1.Бейімделудің жеке түрлері
2.Ағзаның қызметтік қорлары және олардың жіктелуі.
3.Бейімделудің негізгі қызметті тиімділігі, үнемдеу, іске қосу, қорлардың мүмкіндіктерін жоғарылаты, қалпына келтіру, тұрақтылық, қызметтердің сенімділігі.

1. Бейімделу (адаптация) - сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына организмнің икемделуі. Ол жасушалық, ағзалық, жүйелік және организмнің деңгейлерінде өтеді, сөйтіп туа болған немесе жүре болатын икемделу әрекетінің барлық түрін көрсетеді.Ортаның көптеген жағдайлары организмнің мұндай жағдайларына барабар немесе бейбарабар келеді. Организмнің барабар тітіркендіргішке бейімделу қабілеті ұзақ мерзімді эволюциялық даму сатысында қалыптасты. Ал барабар емес тітіркендіргіштер көбнесе организммен ортаның теңестірілу қасиетін жояды.Төтенше түрткілер екіге бөлінеді сематикалық және биологиялық болып. Сематикалық төтенше түрткілер жеке адам немесе ұжымға қауіп қатер төнгенде, апат жағдайларында пайда болады.


Биологиялық төтенше түрткілерге кенеттен ауру, ұзақ уақыт ұйықтамау, аштық және т.б. жатады. Осыған орай адамның бейімделу негізін биологиялық және әлеументтік механимздер жасайды.
Организм осы жағдайларға бар мүмкіншілігінше өзінің құрылымдық және әрекеттік әсерленістері арқылы бейімделіп отырады. Оның табиғи ортадағы әртүрлі маусымдық жағдайларына икемделу құбылысын аккиматизация деп атайды.
Бейімделудің түрлері. Бейімделу мерзіміне қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді деп жіктейді. Қысқа мерзімді бейімделісті икемделудің «авариялық сатысы» ретінде қарайды. Мұнда бейімделудің бастапқы кезінде, жүйке жүйесінің орталық бөлімдерінің әрекеттік күйі қатты өзгеріп, организмнің әсерленгіштігін өсіругемүмкіндік жасалады.Ұзақ мерзімді бейімделіс организмнің икемделу қабілеті, мінездік әсерленісі мен жалпы әрекетін жоғары сапада қамтамасыз етеді. Бұл оның гипоксияға, суықтыққа тамақтың тапшылығына бұрын байқалмайтын төзімділігін тудырады.
Жеке организм деңгейінде бейімделістің төмендегідей түрлері ажыратады: туа болған және жүре пайда болған, жеке және қауымды, жалпы және маманданған, арнамалы және бейарнамалы, ішкі және сыртқы, шартты және шартсыз, қалыпты және төтенше, морфологиялық (құрылымдық) және физиологиялық (әрекеттік) соматикалық және психикалық т.с.с.
Сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне дені сау адамның бейімделуі арнайы физиологиялық әсерленістер арқылы жүзеге асырылады.
Физиологиялық бейімделу деп әрекеттік жүйе, ағза, ұлпа белсенділігі мен өзара байланысын реттеуші механизмдердің, орнықты деңгейін айтады. Бұның мәні ортаның жаңаша жағдайларында организмнің сақталуына, дамуына, қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін әрекеттердің қайта құруына келіп тіреледі Сонымен бірге ортаның өзгерген жағдайларында адамның ұзақ өмір сүруі, жұмысқа қабілетінің сақталуы, ұрпақ жаңғыртуы бейімделудің көрнекті белгілері болып саналады.
Құрылымдық бейімделу негізін жасушалық бейімделу түзеді. Жасушалық бейімделу деп қоршаған орта жағдайларына, аман қалу және қайта жасару үщін жасуша аралық икемделуін айтады. Ол ағзаның бейімделуінің бастапқы кезеңі деп аталады.
Жасушалық бейімделісті шамамен гено- және фенотипті деп екіге жіктейді. Генотипті бейімделу шыдамды берік жасушаларды іріктеу нәтежесінде пайда болады. Ал фенотипті бейімделу залалды түрткілерге қарсы қорғаныш әсерленісі ретінде туады. Ол тітіркендіргіштердің қарқыны мен мерзіміне байланысты болады. Сондықтан бейімделістің ұзақтығы мен жасушаның төзімділігі өзгеріп отырады.
2. Бейімделу бірнеше кезеңдерден тұрады. Бейімделудің бастапқы кезі тітіркендіргіштер әсер еткен алғашқы сәттен басталады. Мұнда әртүрлі бағытталған құрама әсерленіс байқалады. Бірінші құрама әсерленіс бағдарлай рефлексіне байланысты. Бұл рефлекс пайда болғанда, осыған дейінгі іс - әрекет тежейді. Жалпы тежеуші әсерленіс күшті тітіркендіргіштің бәріне жауап ретінде туады.
Екінші құрама әсерленіс- қозу түрінде жүзеге асырылады.Мұнда жүйелілік нәрлендіру ықпалдары белсендендіріледі және ағзалардың қызметі күшейеді. Бұл әсерленістерді симпатоадреналин жүйесімен бірге орталық жүйке жүйесі атқарады.
Бейімделудің келесі сатысы ---------- өтпелі кезең. Мұнда орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы төмендейді, гормондардың белсенділігі азаяды, алғашқы әсерленіске қатысқан жүйелердің ықпалы тыйылады.Ол кезде организмнің икемделу механизмдері ұлпаларда тереңдей түседі.
Бейімделудің тиянақты кезі – ағзаның және оның құрамына енетін ағзалардың, жүйекелердің жаңа жағдайларына мұқият икемделу сәтін көрсетеді. Олардың қызметі үйлесімді келеді. Бұл кез физиологиялық құбылыстарды үнемді атқарады және энергия шығындырын азайтады.
Бейімделудің бұл кезеңін ұдайы тұрақты кезең деп қарауға болмайды.
Сондықтан бүкіл физиологиялық әрекеттер зор күш салу арқылы жүзеге асырылады. Ол организмнің энергия шығынын ұлғайтаты, иммуналық және гормондық қосалқы қорын азайтып, ақыры бейімделістің бұзылуына – дизадаптацияға әкеліп соғады.
Дизадаптация кезі организмнің әрекеттік қоры сарқылуы нәтежесінде немесе нейрогормондық және зат алмасуының өзара байланысы бұзылғандықтан пайда болады. Бұл жағдайда бейімделістің басты кезі сияқты «іс- әрекеттің тұрақты көрсеткіштерінің ауытқулары пайда болады. Олар үйреншікті тітіркендіргіштер шамадан тыс немесе кездейсоқ түрткілер көп уақыт әсер еткенде туады.
Организм бейімделіс тудырған әсерлерден құтылған жағдайда, соның салдарынан пайда болған құрылымдық және әрекеттік ерекшеліктерден біртіндеп арылады. Алайда оның жойылған икемделу әсерленістері сол бейімдеуші түрткілер тағы да әсер етсе, қайтадан қалыптасуы мүмкін. Мұны қайта бейімделу (реадаптация) деп атайды.
Организмнің бейімделу механизмдері ішінде эндокриндік жүйенің мәні өте зор. Мұны тұңғыш анықтаған ғалым Г. Селье (1935) оның айтуынша, бейімделудің негізін гипоталамус – гипофиз адренокортикалық жүйенің белсенділігі құрайды. Мұны организмнің стесс жағдайларында байқауға болады. Стресс ------- ортаның күші мен қасиеті әртүрлі түрткілерінде жауап ретінде туатын организмнің арнайы емес әсерленістің жиынтығы. Бұл күйдің биологиялық мәні – ортаның жаңаша жағдайларына икемдеуші механизмдерінің іс – әрекетін көтеру. Икемделу әсерленістер неғұрлым жоғары болса, соғұрлым организм қоршаған ортаның төтенше жағдайларына төзімді келеді және тез бейімделеді.
Бейімделудің белгілері. Әрбір организмнің бейімделісі өзіндік мөлшерлік және сапалық айырмашылықты иемденеді. Бұлардың арасалмағы бейімделістің өлшемі болып саналады. Организмнің бейімделу өлшемі ретінде белгілі ырғақ пен тіршілік нормасы есептелінеді.
3. Организмнің бейімделу әрекетінің ырғағы оның ішкі күйіне, белсенділік дәрежесіне және тіршілік қарқынына , сыртқы түрткілердің сипатына байланысты өзгеріп отырады. В.П.Казначеев бейімделудің төрт белгісін ажыратады: 1. Термодинамикалық белгілер – барабар және бейбарабар жағдайларда биологиялық жүйелердің қолайлы деңгейін тұрақты ұстауға бағытталған.2. Кибернетикалық (меңгерімдік) белгілер -әртүрлі жағдайларда өздігінен реттелуші жүйелердің әрекеттік деңгейде өзін сақтау процесі.
3.Биологиялық белгілер – бейімделіс кезінде биологиялық жүйелердің түрлік, қауымдастық, биоценоздық қасиеттерді сақтап және дамытып үдемелі эвалюцияны қамтамасыз ету процесі; 4. Физиологиялық белгілер- ортаның құбылмалы жағдайларында біртұтас организмді, оның гомеостикалық жүйелерінің әрекеттік жағдайын қолдап, денсаулығын, жұмыскерлігін, ұзақ өмірін қамтамасыз ету процесі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет