Баскетбол. Орталық жүйке жүйесі. Баскетболшылардың дәрежесін жоғарылату үшін қозғалысты басқаруды жетілдіру қажет, нәтижесінде қймыл қызметінің
үйлестігі жақсарады. Мұны кейбір ойын тәсілдерін орындау кезінде бұлшық еттің электрлік белсенділігі сипатының өзгеруі бойынша байқауға болады. Мысалы, спорт шебері баскетболшыларға допты бергенде және шығыршыққа салғанда иық белдеуі және қол бұлшық еттерінің жиілігі мен амплитудасы бойынша үлкен емес элеқгрлік потенциалдары тікелей қимылды орындау кезінде пайда болады, яғни олар уақытпен жинақталады. Тек күрделі жағдайларда (мысалы, қорғаушы ролін орындайтын үшінші ойын болған кезде) спорт шеберлерінде бұлшық еттің электрлік белсенділігі допты алғанға дейін пайда болады. Төменгі дәрежелі баскетболшыларда бұлшық еттің электрлік потенциалдары уақытпен концентрацияланбаған. Олар допты алғанға дейін кішкене уақыт қалғанда және серігінің алдау қимылдары кезінде пайда болады. Соңғысы қажетті жіктеудің жоқтығымен түсіндіріледі.
Анализатор. Баскетбол көптеген анализаторларға жоғары талап қояды. Жоғары дәрежелі баскетболшыларда кәдімгі жағдайда көру аймағы дұрыс мөлшерде болады. Ол ойын алаңына шыққан кезде және, әсіресе, бой жазудан кейін бастапқы мөлшермен салыстырғанда 15-20%-ға жоғарылайды. Бұл көру орталығы және көздің торлы қабығының перифериялық (шеткі) элементтерінің қозғыштығының өсуіне байланысты болады.
3-сурет. Баскетболшыларда бой жазу әсерінен көру аймағы түссіз (қара бағана) және жасыл (штрихталған бағана) объектілерге өзгеруі. Төменде спортшылардың аты-жөні және зерттелу күні көрсетілген. Торлы қабықтың орталық және шеткі қызметтерібаскетбол ойыны кезінде бірдей үлкен мәнге ие. Торлы қабықтың шеткі элементтері - таяқшалар аландағы бағытты қамтамасыз етеді. Орталық элементтері — құтышалардың қызметі допты шығыршыққа дәл тастау кезінде маңызды. Ойын кезінде кеңістіктік көру үлкен рол атқарады. Баскетболшыларда кеңістіктің қабылдау басқа мамандықтағы спортшылармен салыстырғанда жақсы. Баскетболшылардың жүйелі машықтануы көз-қимыл аппаратын жетілдіреді. Егер спорттық ойындармен шұғылданбайтындарда көз бұлшық етінің бірегей тепе-тең дамуы (ортофория) 40% жағдайда кездессе, баскетболшыларда 80% және одан жоғары. Ортофорияның болуы кезге күш (жүктеме) түскенде, қөздің шаршауын төмендетеді, ал ол баскетібол ойыны кезінде өте үлкен роль атқарады. Жоғары дәрежелі баскетболшыларда орындалатын қозғалыстардың бағыты, ампликтудасы, күші туралы ақпаратты қамтамасыз ететін қимыл анализаторы жақсы дамыған. Бұл анализатордың қызметтік жағдайы алдымен көзбен бақылау кезінде, содан кейін көзді жұму кезінде орындалатын қимылдар дәлдігі бойынша бағаланады. Мысалы, спортшы арнайы градуирленген штативке бекітілген допты белгілі бір градусқа бұруға тапсырма алады. Алдымен доп қимылы көзбен бақыланады, сосын көзді жұмып орындайды. Қимыл амплитудасында неғұрлым қателік аз болса, соғұрлым шынтақ-білезік буыны аймағындағы қимыл анализаторының сезімталдығы жоғары бодады. Ол жоғары дәрежелі баскетболшыларда әлдеқайда жоғары болады: