Сабақтың тақырыбы: Драма жанрының ерекшелігі Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет4/8
Дата20.03.2023
өлшемі66,23 Kb.
#75506
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Сабақтың ортасы


«Ой қозғау» әдісі Сұрақтар: 1. Әпке деген кім? Ол қандай адам? 2. Шығарма неліктен «Әпке» деп аталған? Топқа бөліну Туыстық қарым-қатынасқа байланысты «Апалар», «Тәтелер», «Әпкелер» деген 3 топқа бөлінеді. - Шығарманың мазмұнымен таныспыз. Ендеше,шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау «Миға шабуыл» әдісімен жетекші, анықтауыш, қайта бағыттау сұрақтары қойылады. – 1.Үзіндіден не байқадық? - Неліктен әпкесі өзінен кейінгі бауырларының бәрінеқамқорлық көрсетіп жүр? 2.Әпкенің іс-әрекетін халқымыздың ұлттық мүддесімен байланыстыруға бола ма? Болса, қалай түсіндірер едің? - Ендеше, тақырып пен идеяны ұлттық мүддемен байланыстыра ашып көрейікші.
Шығарманың тақырыбы – Шығарманың идеясы - Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары 1-тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Тапсырма. Үзінді бойынша ойыңызды жеткізіңіз. Қамажай.Қабен, ол ... ол ... қиын сияқты. Бір сағатқа қиып тастап кете алмай тұрған інілерімді өмір бақи қалай қиямын? Мен олардың әпкесі емеспін, анам көз жұмған сәттен бастап мен оларға ана болғанмын. Саған үйлену керек. ... Ал, маған інілерім мен сіңлілерімді тәрбиелеу керек. Қамажай. – Мен мені түсінемін. Бірақ, амалым не? Үйдегі төртеуі төрт азамат болмай, өз басымның қамын ойлауға хақым жоқ. Өз жөнін тауып, әке кетті, талқаны таусылып, шеше байғұс арманда ол кетті. Тағдырдың соққысынан есеңгіреген естерін енді жинап, көкіректерінен қайғы ұмыт бола бастағанда, «Не болсаң, о бол», - деп, өз жөніме мен кетсем, олардың күні не болмақ? Дескриптор - шығарма идеясын анықтайды; - ұлттық мүдде тұрғысынан ашып жазады; - ойын жеткізеді. Жұптық бағалау. «Ұшақ» әдісі Жұптасып отырған оқушылар ұшақ жасайды: ұшақтың сол қанатына келесі жұптың жағымды әсер қалдырған жауабы, оң қанатына жауапты жақсартуға бағытталған ұсыныс жазады. 2-тапсырма. «Алты қалпақ» әдісі «Алты қалпақтың» тапсырмалары «Әпке» драмасының идеясын ұлттық болмыспен байланыстыра анықтайды. «Сары қалпақ». Әпкенің ұлттық болмысқа сай іс-әрекетіне қолдау білдіреді. «Қара қалпақ».Темірбектің іс-әрекетінің халқымыздың бауырмалдық қасиетіне жат, жағымсыз жақтарын айтады. «Қызыл қалпақ».Драма кейіпкерлерінің эмоциялық көңіл күйін байқататын көріністен рөлдік ойын көрсетеді. «Жасыл қалпақ». Әпкені ренжітпеу үшін жәнеоның бауырларына деген қамқор ниетін қолдау үшін не істеген дұрыс? «Көк қалпақ». Шығарма идеясын өмірмен байланыстыра отырып, барлық топтың пікірлерін ұлттық көзқарас негізінде қорытады. Дескриптор - шығарма идеясына талдау жасайды; - көзқарасын ұлттық мүддемен байланыстыра дәлелдейді; - кейіпкер эмоциясын ұлттық болмыспен байланыстырады. Топтардың бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалауы. 3-тапсырма. «Пікірлер сызығы» - Шығарманың идеясы бойынша әпкенің іс- әрекетін қолдайсың ба? Әпкенің іс-әрекетін қолдайтындар жіптің оң жағын ұстап, пікірін айтса, Қабенге қолдау көрсететіндер жіптің сол жағына шығып, сабақ мақсатына сәйкес пікірлерін білдіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет