Сабақтың тақырыбы Екі таңбалы сандарды разрядтан аттамай жазбаша қосу және азайту



бет59/61
Дата11.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#137294
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
МАТЕМ ҚМЖ 2-ТОҚСАН 2-СЫНЫП

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Сабақтың басы

Кіріспе-қызықтырушылық кезеңі
«А, В, С» әдісі арқылы берілген сұрақтарға жауап алынады. Өтілген тақырыптар бойынша оқушылар сұрақ қояды.
А – сұрақ қояды. В – жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Мақсат қою:
Алған біліміңді қайталайсың.

Сұрақтарға жауап береді, сұрақ дайындайды.





Қалыптастырушы бағалау.
Мұғалімнің қолдау сөздері.




Сабақтың ортасы

Операционалдық-танымдық кезеңі. Оқулықпен жұмыс.
Өткен тақырыптарды қайталау бағытында орындалатын тапсырмалар мазмұны:
1) Разрядтан аттамай қосу және азайту алгоритмін қолдана білу дағдыларын дамытуға және есептеу жылдамдықтарын арттыруға бағытталған тапсырмалар. Оқушылардың бірліктен бірлікті азайтуды (қосуды), ондықтан ондықты азайтуды (қосуды), амал компоненттерінің өзара байланысы негізінде қосуды азйтумен, ал азайтуды қосумен тексеруге болатынын түсінгендері, есептеулерде қолдана білгендері маңызды.
2-тапсырма тақтада жазбаша орындалады.
2) Разрядтан аттап қосу, азайту алгоритмін қолдана білу дағдыларын дамытуға және есептеу жылдамдықтарын арттыруға бағытталған тапсырмалар.
Мысалы, 37 + 53 өрнегінің мәнін есептеу үшін бірліктің астына бірлікті, ондықтың астына ондықты сәйкестендіріп жазулары, 7 бірлікке 3 бірлікті
қосамын, 10 болады. 10 санында – 1 ондық және 0 бірлік бар, мұндағы 0 бірлікті бірліктің астына жазамын, ал
1 ондықты келесі разряд бірлігіне қосу үшін ойда сақтаймын. 3 ондыққа 5 ондықты қосамын, 8 ондық,
ойдағы 1 ондықпен 9 ондық болады. Ондықтардың

Оқушылар тарапынан іске асатын әрекеттер:


Екі таңбалы сандарды разрядтан аттамай және аттап қосу және азайту алгоритмдерін қолданады, кері амалмен тексереді;


жай есеп, құрама есептерді шығару алгоритмін қолданады;


бірліктермен, ондықтармен, жүздіктермен санау, салыстыру, амалдар орындау, рим цифрларымен және шамалармен амалдар орындау, өлшем бірліктерін түрлендіру, заңдылықтарға қатысты білімі мен білігін тиімді қолданады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет