2.5.1.1** Екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу. 2.5.1.8** Құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдейді.
Көптеген оқушылар жай есеп пен құрама есептің айырмашылығын біледі және жай есепті құрама есепке айналдырады.
Кейбір оқушылар орындалған тапсырмалар негізінде өзіндік тұжырым ұсына алады, шығарады, жай есеп, құрама есеп құрастырады.
Бурабайға
баратын бала саны
Жасыбайға
баратын бала саны
Бірге баратын
ересек адам саны
Барлық
адам саны
12
13
2
?
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Кіріспе-қызықтырушылық кезеңі «Қалай ойлайсың?» ойын-жаттығуы.
Санды бірнеше бірлікке арттырғанда қандай амал қолданасың?
Санды бірнеше бірлікке кеміткенде қандай амалқолданасың?
Айырмалық салыстыруға берілген есепті шығарғанда қандай амалқолданасың?
Қосындыны, қалдықты табуға берілген есептішығарғанда қандай амалқолданасың?
Құрама есеп неше амалменшығарылады?
Өзің де сұрақтар құрастырып, ұсын.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді, бір-бірін толықтырады, өздері де сұрақтар құрастырады.
Кері байланыс: «Мұғалім – оқушы».
Кестелер жинағы.
Сабақтың ортасы
Операционалдық-танымдық кезеңі Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Құрама есеп пен жай есептерді ажырата білу, түрлі нұсқада модельдеп шығара білу дағдысын жетілдіреді. Жазғы демалыста Бурабайға 12 бала, ал Жасыбайға 13 бала баруды жоспарлады. Олармен 2 ересек адам бірге барады. Барлығы неше адам демалуды жоспарлады? Қысқаша жазба түрінде шығару.
Бурабайға –12 бала. Ш: 12 + 13 + 2 =27
Жасыбайға –13 бала. Ж: барлығы 27 адам. Ересек адам – 2
Барлығы – ? адам. Кесте түріндегішығару.
Ш: 12 + 13 +2 = 27 Ж: барлығы 27 адам. Сызба түрінде шығару.
Ш: 12 + 13 +2 = 27 Ж: барлығы 27 адам.
1-тапсырмада құрама есеп пен жай есептерді ажырата біледі, түрлі нұсқада модельдеп шығарады. Мәтінді түсініп оқиды, өз қалауымен кесте, сызба түрінде шығарады.
Құрама есепті екі жай есепке айналдырып, тексереді.