Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика



бет83/143
Дата21.09.2023
өлшемі29,11 Mb.
#109393
түріСабақ
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   143
Байланысты:
ҚМЖ жаратылыстану (3 сынып)

Сабақ мақсаттары

Топырақтың құрамы туралы түсінік қалыптастыру. Топырақтың құрамын зерттеп анықтау.

Бағалау критерийлері

Топырақтың негізгі қасиеттерін біледі.
Топырақ түрлерін ажыратады.



Сөздік қор

Табиғи ресурстар, топырақ, құм, саз, өсімдік пен жануарлардың қалдығы, су, ауа, қара топырақ, сазды топырақ, құмайт топырақ, т.б.сөздер мен терминдерді пайдаланады.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім



2 - сыныпта табиғи ресурстар туралы өтілген білімдерін қайталау

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут



(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Жағымды көңіл күй орнату.
(МК, Ұ) «Кім тапқыр?» сөз құрастыру
Мақсаты:Cабақтың тақырыбын ашу.
Оқушыларға қима әріптерден сөз құрастыру ұсынылады.
А Қ Т О Ы Р П
-Қандай сөз шықты?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Мақсаты негізінде бағалау критерийлерді анықтау.

Презентация

Қима әріпт ер





Сабақ ортасы
5 минут
5 минут

10 минут


10 минут

(МК, Ұ) «Ойлан.Бірік.Бөліс»стратегиясы
Мақсаты:Топырақ туралы өткен сабақта алған білімдерін қайталап, қайта жаңғырту.
-Балалар, топырақ дегеніміз не?
-Топырақ туралы не білеміз?
-Топырақтың қандай маңызы бар?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
(Ө,Ж,Қ)Тізбек құру
Мақсаты:Топырақтың жанды табиғат үшін маңыздылығы мен рөлін жайлы білімдерін анықтау.


ТОПЫРАҚ .............. .......... ...........

Оқушылар топырақпен байланыстырып, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін тізбек құру арқылы көрсетеді.Жұптар бір- бірімен құрған тізбектерімен ауысады.Бір-бірін тексереді, бағалайды.




(Ө,Ж)Сәйкестендіру стратегиясы
Мақсаты:Топырақтың қасиеттері жайлы білімдерін анықтау, қайта жаңғырту.
Тапсырма:Топырақ атаулары мен қасиеттерін анықтап, сәйкестендіріп сызыңдар.



Құмайт топырақ




Бұл топырақтың құрамында жануарлар мен өсімдіктердің қалдығы (шірінділер) көбірек болады.Сондықтан ол борпылдақ,құрамында ауа көп болады, суды аз өткізіп, бойына жақсы сіңіреді.



Қара топырақ

Бұл топырақтың құрамында саз көп байқалады, сондықтан оның түсі сарғыш.Бұл топырақ суды өткізбейді, оның құрамында ауа аз болады.

Сазды топырақ

Бұл топырақтың құрамында құм көп байқалады. Сондықтан оның түсі қоңыр.Бұл топырақ суды өте тез өткізеді
Оқушылар өздігінен тапсырманы орындап болған соң жұбымен ауысады, тексереді, дескриптор арқылы бағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет