Сабақтың мақсаты: Білімділік:Жарықтың сыну, шағылу құбылыстарымен танысу; Гюйгенс принципі негізінде сыну заңын қорыту; оқушылардың табиғат құбылыстарына деген материалдық көзқарастарын қалыптастыру, ғылыми білімдер мен заңдар негізінде құбылыстарды түсіндіру.
Дамытушылық:дидактикалық әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер, түрлі танымдық ойындар арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, танымы мен талғамын өсіру.
Тәрбиелік:Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге, жылдам ой қорыта білуге дағдыландыру, топпен жұмыс істей білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық «Физика 7-11 класс», деңгейлік тапсырмалар, физикалық құрал-жабдықтар: лазерлік-оптикалық прибор, призма, жартылай цилиндр, айналар, «Жарықтың сыну мен шағылуы» презентациясы, суы бар стақан, қасық, түйреуіщ, суы бар ыдыс, пробка, тиын.
Сабақтың түрі: диалогтық панорама
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, ой қозғау, СТО элементтері, Занковтың дамыта оқыту технологиясы
Пәнаралық байланыс:геометрия, философия, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі Екі топтан топ басышыларын сайлап, сабақ соңында бағалату.
ІІ «Ашылмаған құпиялар» ғаламшары - Үй тапсырмасын тексеру.
а)Өткенге шолу Оптика дегеніміз не ?
Б.з.д. ІІІ ғасырдағы жарық табиғаты жөнінде көзқарастарын білдірген ежелгі грек философтары ?
Жарық дегеніміз не?
Жарықтың қандай теориялары бар ?
Ағылшын ғалымы Максвеллдің дәлелдемесі ?
Жарық жылдамдығы неге тең ?
ә) Жазбаша сұрау. Балалардың өз бетімен үйден орындап келгшен шығармашылық жұмыстарын тексеру /мәнжазба/