Сабақтың тақырыбы Құқық дегеніміз не және ол қоғамдық қатынастарға қалай әсер етеді


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қол



бет40/51
Дата24.09.2024
өлшемі5,27 Mb.
#145471
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51
Байланысты:
9 ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ҚМЖ-2

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау– Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқу мақсатынан сабақ мақсатына жету үшін сабақ барысында берілген тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай сараланып дайындалды. Оқу материалдары мен ресурстары арқылы бүкіл топтық, жұптық және жеке жұмыс тапсырмалары орындалды.Топқа бөлу кезінде әлсіз және жоғары деңгейдеге оқушыларды араластырып отырғызуды ескердім.Топтық, жұптық тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың әрдайым бір-біріне қолдау көрсетуі мен ықпал жасауын қадағалаймын. Мысалы, сабақтың басында оқушылардың қызығушылықтарын ояту және алдыңғы білімін жаңа тақырыппен ұштастыру үшін “Ой қозғау”әдісін таңдадым. Осы әдісте оқушыларға жылдам сұрақтар арқылы пәнге деген қызығушылығын ояттым. Бұл әдістің тиімділігі білім алушылар өздерінің бүгінгі тақырып бойынша ойларын жинақтап, өзге оқушылардың пікірлерімен толықтыра отырып өзін-өзі жетілдіруге ықпал етеді деп ойлаймын.
Сабақтың ортаңғы негізгі кезеңінде қосымша білім мен визуалды қабылдауы үшін бейне ролик көрсету арқылы оқушылардың көру, есте сақтау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалардан беруді жөн көрдім. Оқушылардың қажетті мәліметтерді есте сақтап, сабақта қолдана алу қабілеттерін дамыту үшін «Талдау» әдісін пайдаландым. Үш топқа әр түрлі мәтін таратып бердім. Қолдауды қажет ететін оқушылар үшін және деңгейі жоғары оқушылар топ aрқылы тaлдaйды, зeрттeйдi, caрaлaйды. Топпен жұмыс оқушыларды бірлесіп жұмыс орындауға, тақырыпты талдап, өзара ойларын бөлісуге және әр оқушының пікірін тыңдап, құрметтеуге дағдыландырады. Жұптық жұмысқа «Үштік» әдісін пайдаландым. Бұл әдіс негізінде оқушының оқылым, айтылым дағдысы қалыптасып қана қоймай негізгі дерек көздерін нақты дәлелдеп айтуға,есте сақтауға, өзіндік ой түюге және ойын ашық жеткізе білуіне тиімділігін көруге болады.
Сабақтың соңғы ой қорыту бөлімінде жеке жұмыc бойынша «Мәселенің шешімін табыңдар» жағдаяттар шешуді ұcындым. Бұл тaпcырмa арқылы оқылым және айтылым дағдысы жүзеге асырылып, оқушылар ойлау қабілетін,сөздік қорын ұлғайту, шығармашылығын дамыту, алған білімдерін жинақтап, өз көзқарасын жүйeлi әрi дәлeлдi eтiп қорытып жеткізуге мүмкіндік алады. Тиiмдiлiгi тапсырманы орындау барысында барлық оқушылар өз ойын қысқаша айтумен шектелсе, оқушылардың басым бөлігі өзіндік көзқарастарын тарихи фактілермен дәлелдейді, ал қабілеті білім алушылар қорытынды шешімдерін өмірмен байланыстыра алады. Мәліметтерді саралауға, дәлелдеп айтуға есте сақтауға, өзіндік ой түюге және ойын ашық айтуға қол жеткіземін.

Тапсырмалардың орындалу нәтижесіне қарай деректерді негізге алып, дәлелді аргументтер арқылы өз ойын жеткізіп, үздік жауаптар берген жекелеген оқушылар ескеріліп жоғары бағаланады. Берілген тапсырмаларды орындаудан кейін әрбір оқушыны қадағалаудан тыс қалдырмай қолдау көрсетіп жетістіктерін атап жігерлендіру мақсатында алға жетелеп отыруға тырысамын.
Бағалауды мадақтау арқылы, өзара бағалау «Басбармақ» әдісімен және өзін-өзі бағалау «Сэндвич» арқылы жүзеге асырылды. Қалыптастырушы бағалау кестені толтыру арқылы жүргіздім.



Интерактивті тақтаны қажет уақытында ғана пайдалану
Сергіту сәттерін ұйымдастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет