Сабақтың тақырыбы: Жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы



бет3/28
Дата02.06.2023
өлшемі1,61 Mb.
#98348
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Пәні:




Бөлім:

Кванттық физика

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Спектрлік талдау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

11.7.1.2 - спектрлік талдау әдісін және оның қолданылуын сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Спектрдің түрлерін біледі;
Көптеген оқушылар істей алады: Сәулелендіру көздерін айырбастай отырып, тұтас және сызықтық спектрлерін бақылай отырып ажыратады;
Кейбір оқушылар істей алады: Спектрге талдау жасап, қорытынды жасай алады;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Сабақтың басы


10 минут

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім
10 минут

Бекіту
10 минут


Кері байланыс


Сабақтың соңы
10 минут

Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу
- Психологиялық ахуал «Досқа тілек»
Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру
Сұрақ-жауап әдісі бойынша
1.Жарықтың табиғатына деген көзқарастың дамуы туралы не білесіңдер?
2.Жарықтың толқындық қасиеті қандай құбылыстарда айқын байқалады?
3.Жарықтың кванттық қасиеттері қандай құбылыстарда айқын байқалады?
4.Боте тәжірибесін баяндаңдар.
5.Жарықтың корпускулалық толқындық қасиеттерінің біртұтастығын негіздеңдер.
6.Не себепті кванттық теория бойынша жарықтың интенсивтілігі өте төмен болғандафлуктуациялар байқалуы тиіс?


Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар: 


  • Спектрдің түрлері.


  • Спектрлік анализ.





Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі 
1-топ
Жарық - бұл толқын ұзындығы 4*10-7-8*10-7 м болып келген электромагниттік толқындар. Электромагниттік толқындар зарядталған бөлшектердің үдемелі қозғалысы кезінде шығарылады. Бұл зарядталған бөлшектер заттары құрайтын атомдардың құрамына енді. 

Атом сәуле шығара бастауы үшін, оған белгілі мөлшерде энергия берілуі керек. Атом сәуле шығарғанда қабылданған энергияны жұмсайды, сондықтан заттың үздіксіз жарық шығаруы үшін оның атомдарына сырттан үздіксіз энергия ағыны келіп тұруы керек.


2-топ
Жылулық сәуле шығару. Сәуле шығарудың ең қарайым және көп тараған түрі-жылулық сәуле шығару, мұнда жарық шығаруға жұмсалған атом энергиясы сәуле шығарушы дене атомдарынын (немесе молекулаларының) жылулық қозғалысының энергиясы есебінен компенсацияланады. Неғұрлым дененің температурасы жоғары болса, атомдар соғұрлым жылдам қозғалады. Шапшам атомдар (немесе молекулалар) бір бірімен соқтығысқанда, олардың кинетикалық энергиясының бір бөлігі атомдардың қозу энергиясына айналады, ал бұлар содан кейін жарық шығарады.

Күннің сәуле шығаруы - бұл жылулық сәуле шығару. Кәдімгі қыздыру шамдарыда жарықтын жылу көзі болып табылады. 


Жеке жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет