Сабақтың ортвсы Жаңа білімді меңгеруде оқушыларға «Ойлан, Жұптас, Бөліс» әдісін пайдаланып оқулықтағы тақырыпты өзі оқып меңгеріп содан кейін оқушы жұбымен жазғанын талқылайды, пікірлеседі ой қорытады. Оқушылардың ойларын нақтылау мақсатында «bilimland» білім беру порталында бейнероликті тыңдайды, қорытындылайды.
Жаңа тақырыпты түсінгенін анықтау мақсатында тапсырмалар беріледі:
(Ж ). 1-тапсырма: «Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға тапсырма беріледі, онда оқушылар осы сабақтағы меңгерген білімдерін бұрынғы білімімен ұштастырады.
Зерттеу есебі: Кесінді ортасының координатасының формуласын анықта
1) Координаталық жазықтыққа АВ кесіндісін салыңдар.
2) АВ кесіндісінің ортасына К - нүктесін салыңдар.
3) К нүктесінің координатасын табыңдар.
4) Кестеге К нүктесінің координатасын жазыңдар.
5) Кестеге және дәптерлеріңе алынған формуланы жазыңдар.