Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Сөздік қор дегенді қалай түсінесің?
Кәсіп ашу оңай ма?
Кәсіпкерліктің қандай түрлері бар?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№7-тапсырма:
«Ата кәсіп» тақырыбына диалог құрыңдар.Сұрақ қою арқылы өзара дәлелдеңдер.
1.Ата кәсіп деген не?
2.Ата кәсібін жалғастырып жатқан қандай тұлғаларды білесің?
|
«Ата кәсіп» тақырыбына диалог құрады
Сұрақ қою арқылы өзара талқылайды.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
Ата кәсібін жалғастырып жатқан тұлғалар туралы өз қысқаша ангімелейді.
|
|
Жеке жұмыс
«Түртіп алу» әдісі.
|
№3-тапсырма:
Мақалдарды толықтырып жаз, еңбек туралы өз ойыңды айт.
1.Еңбек ерлікке жеткізер, ......
2.Еңбек етпей елге өкпелеме, ......
3.Еңбек етсең, емерсің, ......
4.Еңбегіне қарай – құрмет, ....
5.Еңбек - адамның көркі, .....
6.Еңбек – ата, .....
7.Еңбек ет те, мақтан, .......
8.Еңбекке жастан, ....
|
Мақалдарды толықтырып жазады.
|
|