Абайдықытайша сөйлеткен Ха Хуан Жан (Хабай) Абайдың қытай еліндегі аудармашысы, әрі насихаттаушысы ақын ұрпақтарының жүрегінде үлкен әсер қалдырды. Ұлты Сібе, Шыңжан өлкесінің Шәуешек қаласы маңындағы Қазақтар ауылында туып, балалық, жастық шағы қазақтармен бірге өткендігі, Қытай тіліндегі мектептерде оқыса да, қазақша аса жетік білетіндігі, әсіресе Абайды бала күнінен жаттап өскендігі мәлім болды.
Хабай мырза Шыңжан университетінің орыс тілі факультетін бітіріпті, ұзақ жылдар Қытайдағы Қазақтар арасында ауапты қызметтер атқарған. 1970жылдан бастап Пекиндегі лттар баспасында, 1980жылдан Қытай қоғамдық Ғылымдар академиясы аз ұлттар әдебиетін зерттеу институтында, кейін «Аз Ұлттар әдебиетін Зерттеу» журналының басч редакторы болып істеген. 1950 жылы Абайдың «Ескендір» поэмасын, 1958 жылы «Масғұт»поэмасын Ханзу тіліне аударып, Пекинде арнайы кітап етіп бастырып шығарған. 1958 жылы «Қазақтың ұлы ақыны- Абай» атты алғашқы ғылыми зерттеу мақаласын жазып, Пекинде «Тянь-Шань» журналында бастырған.
Хабай Абайдың 167 өлеңін, 3 поэмасын, 45 ғақлия сөздерін түгел аударған.
«Абай және Абай шығармалары » деген 3 кітабын Пекин қаласында бастырып шығарған.
Абай өлеңдерін басқа тілдерге аударған аудармашылар: Грузин тіліне аударған – Ш.Мчедлишвили
Қарақалпақ тіліне аударған – Ш.Сеитова
Қырғыз тіліне аударған – А.Токомбаева
Татар тіліне аударған – М.Максуд және Н.Арсланов
Француз тіліне аударған – Ғалымжан Мұқанов
Ағылшын тіліне аударған – А.Самохмалов
Түркмен тіліне аударған – А.Хайидова, Т.Касымова
Ұйғыр тіліне аударған – П.Искакова және М.Хамраева
IV Үйге тапсырма:
1. Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы туралы түсінік.
2. Реферат жазу.
V Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.