3. Дамытушылық: өз бетінше талдау , зеріттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба суреттер,электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІІ. Білім тексеру:
Өткен сабақта Сәкен туралы зерттеу деректер жинап келу тапсырылған. Қане, ойымызды ортаға салайық.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Балалар, өлеңнің бастапқы жолдарында баяндалған Арқа, Бетпақдала туралы мәлімет бере кетейін.Арқа, яғни Сарыарқа Орталық Қазақстанды алып жатқан аймақ. Батысынан шығысына дейін 1200 км өңірді алып жатыр. Бетпақдала осы Сарыарқада орналасқан, батысы сазды, шығысы тасты құмды, шөлді жер.
Киік дегеніміз не? Киікті қазақ ақбөкен деп те атайды. Киік шөлді жерді мекендейді. Оның мүйізі медицинада дәрі – дәрмек жасау үшін пайдаланылады. Еті мен мүйізі бағалы.
Достарыңызбен бөлісу: |