Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет15/51
Дата19.05.2023
өлшемі140,43 Kb.
#95358
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
Байланысты:
лекция абайтану

Дәйексөз
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
Халық мақалы.
Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да, жақсылыққа толы болады. Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді. Өйткені оны адаимдар, айналасы жақсы көреді, сыйлайды, онымен достасқысы келеді. Осындай жетістіктерге ло өзініңң жақсы істері, жақсылықтары арқылы жетті. Сондықтан халық:«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»,-дейді. Мен де сендердің жақсылықтарың, жақсы істерің туралы жиі айтқым келеді. Сендер де өз сыныптарыңның, достарыңның жақсылықтарын мақтан тұтасыңдар. Сол себепті шамамыз жеткенше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік. Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтіні, оның шарапаты өзіңе, жақындарыңа, тіпті еліңе тиетінін сендер де жақсы білесіңдер. Алғычсқа бөленіп, ризашылыққа кенелесіңдер.
Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. 
Сабақты қорытындылау
Пәні: Абайтану Сыныбы: 11 Күні: 27.10.2017 ж. Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ішім өлген, сыртым сау»өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Абай өлеңдерін терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, өлеңдерінің идеялық мазмұнын меңгерту; Әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту мәнерлеп оқи отырып талдау;
Ақын өлеңдерін оқи отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақ

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусының қандырған кім?

Өзіне - өзі орнатып ескерткішті

Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?

Абай қазақ халқының рухани көсемдерінің бірі емес, бірегейі. Баршаның мақтан ететін ойшыл да сыршыл данышпанымыз. Ұлы ақын өзі өмір сүрген қоғам келеңсіздіктерін көріп өскендіктен, солардың бәріне де қарсы болып, ел бірлігін аңсады, мәдениетті елдердің қатарына жетуді, азат ел болуды арман етті.

Бүгінде ақын арманы орындалды

«Ішім өлген, сыртым сау...» - Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Барлығы 28 жол. Жаны жалған адамның екі жүзді аярлығын көріп, налыған шақтағы ақын көңіл күйінің бір алуан торығу кезін білдіретін лирикалық туынды. Ақын суреттеуінде құбылмалы мінез-құлықты адамдар басына іс түскенде баспақшыл, қаншама мүләйімсіп, мүсәпірсіп көрінсе де, өз қолына билік тиген кезде соншалықты озбыр да ожар. Өз үйінде отырып дауласқанда өзендей күркірейді, ал, ісі түскен кісі алдында шау тартып, момақан бола қалады. Ұрлық пенен қулыққа келгенде байлаған бауын кесіп шығатын әккі. Бірақ, оларға қаншама жылпос, опасыз болсаңда, қайта кірер есікті қатты жаппа, байқа деген автордың ескертуі бар. Өлең 7 буынды жыр үлгісінде жазылған. 1-шумағы шұбыртпалы ұйқас түрінде келеді де, кейінгі жұп жолдардың 2-тармақтары туындының ақырына дейін солармен жарыса ұйқасып, ырғақ екпіні қайталанып отырады. Алғаш рет 1909 ж. С.- Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлеңнің басылымдарында аздаған текстол. өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1945, 1954 жылғы жинақтарда 7-жол «Кісі алдына барғанда», 1909, 1957,1977 жылғы жинақтарда «Кісі алдына кірбеңдеп», 1933, 1939жылғыжинақтарда «Кісі алдына келгенде» болып берілген. Сондай-ақ, өлеңнің соңғы жолы Мүрсейіт қолжазбаларында «Керек жері бір бар-ау» делінген, ал, кейінгі басылымдарда 1909жылғыжинақ негізінде «Керек күні бір бар-ау» деп алынған. Өлең башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыры. б. тілдеріне аударылған.
Өлеңді мәнерлеп оқу. /әр топтан 1 оқушыдан/. Өлеңде не жайында айтылған? Не түсіндік?
Абай «Ішім өлген, сыртым сау» өлеңіне ән шығарған. Бұл ән қайғы-шерге толы, драмалық-психологиялық шығарма. Баяу екпінмен, мұңмен орындалатын бұл ән, мазмұнына сай ән характерін бірден білдіртеді. Дәстүрлі қазақ поэзиясында кеңінен өріс жайған, әсіресе, жыр жанрында 7 буынды өлең өрнегі негізінде шығарылған. Өлең тармақтарының буын саны бірдей бола тұра, қара өлеңге тән әуендік сазбен әндетіп айтуды қажет етеді. Әуен иірімінің кейбір интонациялары белгілі халық әні - «Бір бала» үндестігімен жақын. Әнді алғаш 20-жылдары басқа атпен А. В. Затаевич О. Қашағановтың айтуы бойынша нотаға түсіріп, 1925 ж. «Қазақтың 1000 әні» еңбегіне енгізген. Өте сирек орындалатын әндер тобына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет