Оқытудың техникалық құралдары: компьютер, проектор, үлестірмелі материалдар, диагностикалық материалдар.
Сабақ жоспарының жобасы
Сабақтың барысы:
Оқытушының қызметі
Студенттің қызметі
Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалімнің амандасуы, жоқ оқушыларды түгендеу, ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушының хал – жағдайын сұрау. Оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру.
Сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту. Топ студенттерін топқа бөліп, сарапшыларды (сынаушы, жақтаушы) тағайындайды.
Амандасу;
оқу-құралдарын дайындау, ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушының өзінің хал – жағдайын айту. кезекшілік міндеттерін атқару;
Сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады; көңіл-күйі көтеріңкі болады.
Сынып сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды. Студенттер топқа бөлінеді.
Сабақ конференция түрінде өтетіндігін түсіндіріп, конференция бағдарламасына сай топтардың баяндама оқитындығын айту.
«Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу» ғылыми-практикалық конференциясы іскерлік ойын түрінде өткізіледі.
Топ студенттері ғылыми-зерттеу орталықтарының мүшелері ретінде іскерлік ойын арқылы «Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу» ғылыми-практикалық конференциясына қатысады, өз баяндамаларына даярланады.
Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу жөнінде көп мағлұмат алу, теориялық материалды практикалық материалдармен байланыстырып, ұштастыру көзделеді.