Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика. Графикалық редакторлардың түрлері. Сабақтың мақсаты



бет3/4
Дата13.11.2022
өлшемі0,64 Mb.
#49755
түріСабақ
1   2   3   4
Векторлық графика. Векторлық графикалық кескіндер айқын және анық контурларды сақтауды қажет ететін маңызды графикалық обьектілерді (сызбалар, сұлбалар және т.с.с) сақтаудың тиімді құралы болып табылады.
Векторлық кескін – бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және басқа геометриялық примитивтерді пайдаланып, компьютерлік графикаға кескінді өрнектеу.
Сапаны жоғалтпай шексіз үлкейтуге болатыны векторлоық кескіндеудің негізгі құндылығы.
Кескіндердің векторлық өрнеткелуі растьырлықтан қатты ерекшеленеді. Егер растрлық графикада кескіндердің базалық элементі нүкте болса, ал векторлық графикада – сызық болып табылады. Сызық математикада тұтас обьект болып сипатталады, сондықтан растрлық графикаға қарағанда векторлық графиканың құралдарымен обьектіні өрнектеуге қолданылатын дерек көлемі әлдеқайда аз.
Векторлық графиканың артықшылығы:

  • Көлемінің шағын болуы;

  • Оңай масштабтауға болады;

  • Оңай түзетуге болады.

Векторлық графиканың кемшіліктері:

Фракталдық графика - математикалық есептеулерге негізделген. Кескіндердің негізгі элементі болып математикалық формула табылады. Фракталдарда детальді сипаттау жады талап етілмейді, сондықтан ол кесікіндердің бүтін бір бөлігін сипаттауға мүмкіндік береді. Бір жағынан бұл топтан тыс кескіндерге фракталдар көп қолданылмайды. Фракталдың аз бөлігі барлық фракталдар туралы мәлімет береді.
Компьютерлік графикада фракталдар табиғи құбылыстарды, мысалы, бұлттар, қарлар, жағалаулар және т.с.с күрделі кескіндерді салу үшін пайдаланылады.
Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар – графикалық редакторлар пайдаланылады. Қазірге кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторды да екі категорияға бөлуге болады: растрлық және векторлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет