Скачать материал 07.04.2015
Сабақтың тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Гүлшат - Шеризат» дастаны
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Гүлшат - Шеризат»
дастанының сюжеттік желісін, композициясын өздігінен іздену
арқылы меңгерту, дастан туралы ғылыми - теориялық түсінік беру,
образдарына талдау жасау арқылы дастанның тақырыбы мен
идеясын таныту;
2. Дамытушылық. Сыни ойлау көзқарасын, қабылдауын,
дүниетанымын дамыту. Сөз саптауын, өз ойын ашық айтуын,
сенімін арттыру;
3. Тәрбиелік. Адамгершілікке, адалдыққа, кешірімді болуға, рухани
тазалыққа үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ
Әдіс - тәсілі: проблемалық ізденіс, СТО әдістері, ойын, топпен жұмыс, сатылай комплексті талдау, модульдік оқыту технологиясының әдістері.
Көрнекілігі: слайд, портрет, қима қағаздар, перфокарта, бағалау белгілешелері, білім кілті.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, өзін - өзі тану, әдебиет теориясы, шығыс әдебиеті
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Шайтанның саудасы» ІІІ.Жаңа тақырып Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Гүлшат - Шеризат» дастаны «Гүлшат - Шеризат» дастанының қысқаша мазмұны: Нәзира дәстүрімен жазған шығармасы - «Гүлшат - Шеризат» дастаны.
Жігітке өнер көрсе қиын емес, Болғаным менің атым биім емес. Бетіне ақ қағаздың салып шимай, Қиссасын Гүлшат-Шеризат қылдым кеңес- деп шағын кіріспеден баяндалатын оқиға балаға зарығу желісінен басталады. Бағдатта жеті жұртты билеген әділ патгша балаға зар болып жүргенде тілеуі орындалып , әйелі бала көтереді. Әкесі аңға шығып ,орманда арыстанмен алысып, ауыр жарақаттан айыға алмастан дүние салады. Ол өлерінде өсиет етіп орнына уәзір Парағзатты қалдырады. Егер әйелім ұл туса менің мұрагерім сол болсын дейді. Парағзат орындамайды.Ол қазынашы болған Барысты шақырып әйелін өлтіруге тапсырма береді. Сол арқылы тақ мұрагерден мәңгілік құтылмақ болады. Барыс он жілікпен әйелін өлтіріп тастайды, бірақ баланы кім тауып алса сол асырар деп қасына 10 гәуһар мен хат қалдырады. Бұл кезде Парақзат түс көріп оны жақсылыққа жори алмай амалы таусылып отырған болатын. Оның әйелі де бұл кезде қыз тауып атын Гүлшат деп қойған болатын. Ол ақылына көркі сай болып өседі. Бала өліп жатқан анасының омырауының үш жыл қоректенеді. Баяғы арыстанда балаға тиіспей ,керісінше аңдар балаға қамқорлық жасайды.Бір керуен айдалада жүрген баланы көріп керуен басы Қожа Сағит деген кісі баланы асырап алады. Бала орманда өскендіктен Шеризат деп ат қояды. Бала оның қолында білім алып, ер жетеді.Бір күні баяғы өзінің әкесі патшалық еткен жерге келіп ,Гүлшатты көреді. Екі жас бірін-бірі ұнатып ,сезімдерін білдіреді. Шеризат қыз әкесі Парағзаттан кек алмақ болғанмен Гүлшаттың айтқан мысал әңгімелері арқылы кешірім жасайды.