Тақырыптың өзектілігі –зұлымдық пен әділдік,жауыздық пен қатыгездік, қарамай қайшы тартыс болып ақыры әділдік жеңеді.
Авторы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Тақырыбы: Адал ниетпен әділ іс қылу.
Идеясы: Әділдіктің жеңіске жетуі,жақсылықтың салтанат құруын дәріптеу
Жанры: Эпос, дастан
Кейіпкерлері: Көркін, Парақзат, Гүлшат, Шеризат, арыстан, керуенбасы Қожа Сағит.
Композициясы:
Оқиғаның басталуы.
Көркін патшаның бір балаға зар болуы. Аңға шығуы.
Оқиғаның байланысы.
Парахзаттың ханымды өлтіртуі, арыстанның баланы арыстанның, керуенбасы Қожа Сағиттың баланы асырап алуы. Парахзаттың түсі.
Шиеленіс.
Шеризаттың ержетіп, керуеншілермен бірге Шынмашын еліне келуі. Гүлшаттың Иран бағы.
Шарықтау шегі.
Барыстың хаты. Шындықты білу, Парахзатты зынданға тастау.
Шешімі.
Гүлшаттың ара түсуімен Парахзаттың күнәсінің кешірілуі.
Өлең құрылысы: Дастан 11 - 12 буынды, (кейде 7 - 8 буынды жыр үлгісі де араласып келген) 3 бунақты, қара өлең ұйқасымен жазылған.
Бейнелі сөздер: эпитет, теңеу сөздерді тауып, теріп жазу.
Тәрбиелік мәні. Әрқашан кешірімді болу, адамдарға жақсылық жасау.
Патшаның бір перзентке зар болуы;2) Сенген досының қатыгездігі;3) Шеризаттың Гүлшатқа кездесуі;4) Гүлшаттың ақылдылығы;5) Жамандықтың жазасын құдай берер...Ү."Ақбет"/ қысқаша айтып өту/Мұндағы ең биік тауды жұрт Ақбет дейді. Аңыз бойынша тағдыры шерлі сұлу қыздың есімі.Сүйген жігітіне қосыла алмаған сұлу,ғашығымен бірге таңды қарсы алатын шыңға шығып, төңірегіне соңғы рет көз салады да құздан құлайды.Ақбеттің есімімен аталатын тау – сол заманның үнсіз куәгері адал мен сезім беріктігінің символы ретінде бұрынғысынша таңды бірінші қарсы алады.
Оның "Гүлшат пен Шеризат" атты көлемді дастанында /сюжет Шығыс елдері әдебиетінің нұсқаларынан алынған/ жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, ақ пен қара қоса қабат келіп, түбінде адалдық жеңіп отырады. Баяғы ерте бір заманда Мысыр елінде Көркін атты бір патша болыпты.Патша өте ақылды, мейірімді, әділ болған екен.Бірақ бір перзентке зар болған.Ол жатса да тұрса да құдайдан бір перзент беруін тілейді.Патшаның халқы да құдайға жалбарынып перзент беруін құдайдан сұрайды.Күндердің күнінде тілектері қабыл болып, патшаның жары жүкті болады. Бір күні патша нөкерлерімен аңға шығады.Алдынан бір аш арыстан тап болып,патшаны жаралайды.Нөкелері үйіне алып келген соң патша өзінің адам болмасын біліп, патшалығын,жолдасын өзінің қасындағы уәзірі Парахзатқа тапсырады."Менің әйелім ұл туса,мұрамды басар патша қылып тағыма отырғыз,ал қыз туса өсіріп-өндіріп құтты жеріне қондыр " деп аманаттайды.Бірақ патшаның досым,жолдасым деп сенген уәзірі арам ниетті болып шығады.Барыс атты қолбасшыны шақырып алып патшаның әйелін өлтіруді бұйырады.Оның ойы ертең әйелі ұл туса барлық патшалықты оның баласы игерді сондықтан оның көзін жоюды ойлайды Бір күні Парахзат түс көреді.Түсімде айдаһар көрдім ол жан-жағына от шашып менен бастап бүкіл елді жегелі келе жатыр еді бір кезде алдынан бір маржан тас түсті де айдаһар райынан қайтып жоқ болды.Патшаның әйелі қыз туады.Атын Гүлшат қойып,оған арнап Иран бағын салдырады..Барыс нөкерлерімен әйелдің үйіне барса оның айы күні жетіп толғатып жатыр екен, олар оны орманға алып барып бауыздап өлтіреді.Бала дүниеге келеді.Дүниеге келе сала анасының омырауына жармасады.Ананың омырауынан сүт атқылап жатады. Бала үш жасқа келгенше анасының омырауын еміп күн көреді.Бір күні орманда арыстанды көріп бала оның соңынан ілесе жүреді.Арыстан оған ет береді жемейді.Барлық аңдарды жинап немен асырасам болды деп сұрайды, аңдар ақылдаса келе еліктің сүтімен асырауды жөн көреді.Сөйтіп,күн артынан күн,ай артынан ай өтіп бала он жасқа келіп ер жетеді.Енді арыстан оны адамзат баласына қосайын деп бір күні келе жатқан керуенге ілестіріп жібереді.Керуен басы Қожасағит оын арыстан алып келді сондықтан Шеризат деп атайын дейді... Міне балалар, бұл жерде ақын жаманның жазасын құдай өзі береді, жамандыққа жақсылық жаса,жақсыда кек жоқ,жаманда тек жоқ дегендей кей кездерде үлкен қателіктерді де кешіруге болатынын,одан сенің мерейің өсе түседі
Қазақ дастандары тақырыбы жағынан 5 түрге бөлінеді:1. Ислам қағидаларын, діни наным - сенімдерді насихаттайтын дастандар. Мысалы: «Салсал», «Зарқұм» т. б.2. Шығыс аңыз - әңгімелері негізінде туған дастандар. «Мың бір түн», «Шаһнама», «Тотының тоқсан тарауы»3. Шығыс классиктері негізінде пайда болған дастандар. Фирдоуси, Науаи, Низамилер жазған «Ләйлі - Мәжнүн», «Таһир - Зуһра», «Ескендір» т. б.4. Романтикалық сарындағы ғашықтық дастандар. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.5. Ерлік пен ел жайындағы батырлық дастандар. «Рүстем - Дастан», «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын»ә) Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Гүлшат - Шеризат» дастанының мазмұнын баяндау. Оқушыларға дастанды алдын ала оқып келу тапсырылған. Сондықтан оқушылар дастан сюжетін тізбектей баяндап береді.ІҮ."Торайғыр көлі"/ қысқаша айтып өту/ Ертіс алабындағыкөл. Павлодар облысының Баянауыл ауданы Баянауыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км жерде, Ақбет тауының етегінде орналасқан. Ауданы 0,88 км², ұзындығы 1,8 км, ені 0,6 км. Орташа тереңдігі 3,1 м. Суын оңтүстігінде таулы , солтүстігінде ұсақ шоқылы алаптан жинайды. Көл тектоникалық ойыста пайда болған, жағасы жақпартасты, тік. Суында мөңке, алабұға, т.б. балықтар кездеседі. Көл – осы өңірде туып-өскен қазақтың белгілі ақыны С.Торайғыровтың есіміне б/ты.ІҮ-ІҮ. / мазмұнын баяндау./ Оқушыларғадастандыалдын ала оқып келу тапсырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |