Сабақтың ортасы
3мин.
2 мин
3 мин
2 мин
5 мин
5 мин
5мин.
5 мин.
|
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін аудио тыңдайды.
Оқулықпен жұмыс:
Оқушылар өлеңді тізбекпен мәнерлеп оқиды .
Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем-
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем-
Осы менің туған өлкем!
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем-
Осы менің туған өлкем!
Өтебай Тұрманжанов
Жеке жұмыс: Дәптердегі тапсырманы орындау.
Тапсырма:
Өтебай Тұрманжановтың өлеңінен туған өлкеңнің табиғатын сипаттайтын көркем сөздерді теріп жаз.
Қб «Жасыл қалам»
Жұптық жұмыс. Қарқын бойынша саралау.
Барлығына: 1. Өлең не жайында екенін айт, тақырыбын анықта.
Тез орындайтын балаларға қосымша тапсырма: Ө. Тұрманжановтың өлеңінен ақын сезімін білдіретін сөздерді теріп жаз,сөйлем құр.
Қб «Үш шапалақ»
Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық»
Топтық жұмыс «Постер қорғау» әдісі
|