Дереккөз ароқылы саралау Шетелден келген қонақтарға туған өлкеңді қалай таныстырар едің? Топта жарнама жасаңдар.(Постер қорғау.)
1-топ: Туған өлкеміздің салт-дәстүрін жарнамалайды.
2-топ: Ұлттық тағамдар мен сусындарын жарнамалайды.
Әр топ өз жұмысын тақтаға іліп, қорғайды.
Қб «Ашық микрофон»
«Сарқырама» әдісі арқылы қорытынды бойынша саралау. Тапсырма: «Менің елім» тақырыбына айтылған сөйлемді әрі қарай жалғастырып, мәтін құрастырыңдар.
1.Қазақ деген ел бар екен. ....
Қб «Театрдағы қол шапалақтау»
«Мен ертегішімін» әдісі арқылы тапсырма бойынша саралау Бағалау критериі: Үлгі бойынша шағын ертегі құрастырады
Тапсырма: «Менің елім- Қазақстан» тақырыбына шағын ертегі құрастыру.
А. Үлгі бойынша шағын ертегі құрастыр.
Ерте, ерте, ертеде бір ел болыпты. .... Көп қиындықтарды басынан өткізіпті.... Бір батыр дуние келіп.... Бұл ел бақытты өмір сүріпті.....
В. Тірек сөздер бойынша шағын ертегі құрастыр.
Тірек сөздер:қазақ , халық, қиындық, бірлік, тәуелсіздік, бейбітшілік, гүлдену . С. Өз бетіңмен шағын ертегі құрастыр.
Дескриптор: -Тақырып ашылған.
-Ертегі құрылымы сақталған (басы, ортасы, соңы).
-Сөйлемдер жүйелі құрылған.
ҚБ Критерий арқылы мұғалімнің бағалауы
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма:
Бағалау критериі: Сурет бойынша ертегі құрастырады
Тапсырма: * Тірек сөздерді қатыстырып сурет бойынша шағын ертегі құрастыр.
*Ертегіге тақырып қой.
Тірек сөздер:ел, татулық, табиғат, қонақжай, бақыт. Дескриптор: -Сурет бойынша тақырыпқа сәйкес шағын ертегі құрастырады.
-Ертегіге тақырып қояды.
-Сөйлемдердің логикалық құрылымын сақтай отырып, сауатты жазады.
-Бүгін қандай өлеңмен таныстық ?
- Онда не туралы айтылған?
- Сен туған жеріңді қалай құрметтейсің?
«Сауалнама» әдісі
1.Мен сабақта ... жұмыс істедім
Белсенді/енжар
2.Мен сабақтағы өз жұмысыма ...
Ризамын /риза емеспін
3.Сабақ материалы маған...
Түсінікті/түсініксіз
Пайдалы/пайдасыз
Қызықты/зеріктіретін
4.Менің көңіл-күйім ...
Жақсы болды/нашар болды
5.Үй тапсырмасы маған ... көрінеді.