6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сайресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу;
6.4.3.1 -неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу;
Сабақтың мақсаты
Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсініп және ажырата білу;
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Білу, түсіну, қолдану. Талдау.............
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушs әрекеті
Бағалау
Ресурс
Сабақбасы 10 мин
Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу Жаңа сабаққа болжам жаса.. Опера тарихы. Қазақша опера Опера – бір үлкен өнердің топтастырылған күрделі жанры. Ол музыка ғана емес, бүтін театр, яғни біртұтас драмалық қойылым. Ең алғаш опера XVI-XVII ғасырларда Италияда пайда болады. Италияндық композитор Клаудио Монтеверди операға күрделі ариялар, вокалдық ансамбльдер, хор ұжымы мен оркестр сүйемелін енгізеді. Опера үшін театрлар салынды. Опера тез дамып, халықтың аңызы мен жырларын тарихын негізге алды. Операның басты рөлінде – орындаушы – әншілер – балет әртістері – хор ұжымы болады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушының айтылым дағдысы қалыптасады
Мәтінмен жұмыс жасайды.
Қалыптастырушы бағалау: оқушыны «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақ ортасы
Жазылым тапсырмасы. 6 -тапсырма. Ә ) Берілген тіркестердің мағыналарын сәйкестендіру.
Термин сөздерді внықта.
7 -тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
Термин сөздердің пайда болуы, жасалу жолданы ажарата алады.
Сабақ соңы 5 мин
Рефлексия
Бүгінгі сабақтан не үйрендің?
Үйге тапсырма : 5-тапсырма
Тексерілді: ДОІЖО
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім:
Астана - мәдениет пен өнер ордасы
Педагогтің аты-жөні:
Ақылбек Айна Тұрсынқызы
Күні:
18.11..2022ж
Сынып: 6 «А, Б, Е, Ж »,
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
7.Елорда
Диалект сөздер. Кәсіби сөздер.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
6. 2.3.1 -ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
6.4.3.1 -неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу;
Сабақтың мақсаты
Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсініп және ажырата білу;
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Білу, түсіну, қолдану. Талдау.............
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі
Педагогтің әрекеті
Оқушs әрекеті
Бағалау
Ресурс
Сабақбасы 10 мин
Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу Жаңа сабаққа болжам жаса.
.Диалект сөздер – тілде жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын айтамыз. Мысалы, сіріңке-кеуірт, күкірт, шырпы, ши, оттық, шақпақ; шылапшын - леген, жам, кірлен, шылаушын.
Оқылым тапсырмасы . Тыңдап, мәтін мазмұнын баяндау. Думан ойын-сауық орталығы. 2003 жылы мамыр айында жұмысын бастаған бұл кешенде мұхитаралы, 5D-кинотеатр, үлкен күмбезді кеңістік, сауда нүктелері мен тамақтану орындары бар. Бұл ТМД-дағы алғашқы мұхитаралы бар үлкен кешен. Су қоры 3 миллион литрге жететін мұхитаралда теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрі мекен етеді. Әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағы мен қалыңдығы жеті сантиметрге жететін 70 метрлік дәліз бар.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушының айтылым дағдысы қалыптасады
Мәтінмен жұмыс жасайды.
Қалыптастырушы бағалау: оқушыны «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақ ортасы
Жазылым тапсырмасы. 3. -тапсырма. Диалект сөздерді әдеби атауымен сәйкестердіріп жазу. Ереже пайдалан.
4-жаттығу. Әдеби тіл мен диалект сөзді ажыратып жаз.
Жаңа сөздердің пайда болуы, жасалу жолданы ажарата алады.
Сабақ соңы 5 мин
Рефлексия
Бүгінгі сабақтан не үйрендің?
Үйге тапсырма : 2-тапсырма
Кері байланыс «Зерде»
Білім - тақырып бойынша алған ақпаратым.
Эмоция – сабақтағы көңіл күйім.
Баға – жетістігіме беретін бағам
Сын – өз бойымда нені дамытуым керек?
Идея – Маған келген жаңа ой.
Тексерілді: ДОІЖО
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім:
Астана - мәдениет пен өнер ордасы
Педагогтің аты-жөні:
Ақылбек Айна Тұрсынқызы
Күні:
23.11..2022ж
Сынып: 6 «Б»
Қатысушылар саны:
Досмуханбет Жан
Сабақтың тақырыбы
8.Астана төріндегі ЕХРО
Диалект сөздер. Кәсіби сөздер
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
6.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу. 6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сайресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу;
Сабақтың мақсаты
Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсініп және ажырата білу; оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Білу, түсіну, қолдану. Талдау.............
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушы әрекеті
Бағалау
Ресурс
Сабақбасы 10 мин
Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: Өзімді-өзім оқытамын, өзімді-өзім танимын, басқаны оқытамын.
1. Сәлемдесу Жаңа сабаққа болжам жаса.
2017 жылы Астана қаласында өткен бүкіләлемдік көрме қалай аталады?. Оқылым тапсырмасы .5- тап. 62бет «Астана төріндегі ЕХРО» мәтінін тыңдау. Мәтіндегі ресми сөздер мен тіркестерді , терминдерді орынды қолданып , сұрақ әзірлеу. Термин сөздерді теріп жазу. Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай. 1. 2. Ауыл шаруашылығына( мал,астық , балық,аңшылық,бау – бақша,темекі,мақта,күріш,қызылша) байланысты сөздер : 1) мақтаға байланысты қоза (мақта өсімдігі),шиіт)мақта тұқымы),терімші (мақта теруші) балдаң (мақтаның сабағы ) 2) жүгері түрлері : дүмбі,пәшік,сота. 3) қауын аттары : әңгелек,жәмше,қауын,торлама.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушының айтылым дағдысы қалыптасады
Мәтінмен жұмыс жасайды.
Қолөнершілікке ( ағашшылық, ұсталық, өрімшілік, тоқымашылық т.б.) қатысты сөздер : тышқы ( араның бір түрі ), шербек ( үлкен ара ),ыңғыру (ағаш оятын құрал ) тышуыр (бұрап тесетін құрал ).
Қалыптастырушы бағалау: оқушыны «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
ҚБ. «Басбармақ»
Сабақ ортасы
Жазылым тапсырмасы. 6-тапсырма . Берілген сөздер қатарын жалғастыр.
Ережені пайдалан.
Қолөнершілік. Зергерлік. Қатысты сөздерді жаз.
Берілген тапсырмаға қатысты сөздер жазады.
Сабақ соңы 5 мин
Рефлексия
Бүгінгі сабақтан не үйрендің?
Үйге тапсырма : ЕХРО көрмесі Қазақстанға не берді? Эссе жазу.
Кері байланыс «Зерде»
Білім - тақырып бойынша алған ақпаратым.
Эмоция – сабақтағы көңіл күйім.
Баға – жетістігіме беретін бағам
Сын – өз бойымда нені дамытуым керек?
Идея – Маған келген жаңа ой.
Тексерілді: ДОІЖО
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім:
Астана - мәдениет пен өнер ордасы
Педагогтің аты-жөні:
Ақылбек Айна Тұрсынқызы
Күні:
29.11..2022ж
Сынып: 6 «Б »
Қатысушылар саны:
Досмуханбет Жан
Сабақтың тақырыбы
Шаруашылық түрлері
Кәсіби сөздер
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
6.4.3.1 -неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу;
Сабақтың мақсаты
Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсініп және ажырата білу;