Сабақтың тақырыбы Салауаты өмір салтын ұстанайық Сабақтың мақсаты



бет3/17
Дата15.02.2022
өлшемі115,03 Kb.
#25592
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2-оқушы -

Ұмытпайды артта қалған ұрпағың

Еске алады жыл сайын

Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал бүгінде мақтан етер ұрпақтары

Жеңіс алып еліне жеткендерді.

Тыныштық боп мәңгі осылай тұрса күн,

Жас бүлдіршін жаға берер жыр шамын.

Сүйем сені, қасиетті мекенім,

Мәңгі сені әнмен желпіп өтемін.

Сенде ғана көтерілем биікке,

Сенде ғана арманыма жетемін..
Оқушы :

1979 жылы Ауғанстан жерінде болған зұлмат соғыста Кеңес әскерлері қайталанбас қаһармандық танытты. Мейлі өзге елде болсын, халықтың тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапса, тағы бірі із-түссіз жоғалып кетті.

Ұстаз:

Биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толып отыр. Ауған соғысының қанды қырғынынан аман –есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мыңнан астам қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласында жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден - медальдармен марапатталды.

3-оқушы –

Қан майданда қан аққан бұлақтардан,

Қанды кешіп жүреді алда ерлер.

Міне, бүгін сіздерге жыр ақтарам,

Ассалаумағалейкум, ардагерлер!

Соқыр билік тұсында сумаң қаққан,

Соғыстар аз болғандай, ғасыр дерті.

Ауғанның көк аспанын тұмандатқан

Сұрапыл майдан бопты қасіретті.

4-оқушы - Алтынай

Кілең жас жанары от жалындаған,

Айналды майдангерге қанды балақ.

Күні жоқ «Калашқа» оқ салынбаған.

Атырған бір ұйқысыз таңды қарап.

Дұшпанмен бетпе-бет кеп шайқастарда,

Жасқанып, шегінбеген, тайсалмаған.

Отан үшін бас тігіп, айқасқанда

Оққа ұшты қанша қазақ қайсар балаң.

Ұстаз:

«Ауған соғысының 110 айға созылған қанды қырғынынан аман - есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мың 360 қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Жандары жаралы дейтініміз, олар өліммен тікелей кездесті. Соғыстың небір ауыртпалығын көтеріп, қабырғалары қайысты. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын

соңғы сапарға шығарып

Салып тұрып, көздері жасқа,

жүректері мұңға толған

шақтары көп. Сонда да

ата – баба рухына дақ

түсірмей елге

абыроймен оралды».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет