Сабақтың тақырыбы Салауаты өмір салтын ұстанайық Сабақтың мақсаты



бет4/17
Дата15.02.2022
өлшемі115,03 Kb.
#25592
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
(рлы0 (2)

Сәлем-сөздің анасы- деп аталады

"Кім жырлайды?" 

"Ақын бала» 

"Кім жүйрік?" 

https://www.youtube.com/watch?v=a40gpXwH3KA

3.13 мин


Сабақтың соңы

5 мин


Кері байланыс: Жүректен-жүрекке:

Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілектерін айтып рахметін айтады.




Қысқа мерзімді жоспар

Қысқа мерзімді жоспар


Педагогтің аты-жөні

Але К

Күні:

20.12.2021ж

Сынып: 6 Ж

Қатысушылар саны: 25

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Салауаты өмір салтын ұстанайық

Сабақтың мақсаты

Салауатты өмір салтын сақтау,оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
5мин

Ұйымдастыру.
Сайыстың барысын түсіндіру.Топтарды орналастыру.
Көк майсалы, көрікті
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін

(Ауа райына, денсаулығына, көңіл күйіне, қоғамға байланысты.)


Презентация


Сабақтың ортасы

30 мин



Бейнеролик көрсету арқылы тақырыпты ашу.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: « Салауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с. бағытталған.»

«Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.»

Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты.

Мақсатымыз – салауатты өмір сүру,

Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.

Әдеттен жаман жиреніп,

Жақсыны тек үйрену, таза жүру.

Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.

Ойланайық, пікірлесейік

1. Адамның салауатты өмір сүруіне

не кедергі болуы мүмкін?

2. Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?

3. Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға

қандай қасиеттер керек?

4. Зиянды әдеттерге нелер жатады?

5. Салауатты өмір сүру дегеніміз не ?

Жаңа ақпарат

Біздің өміріміз қаншалықты зиянды әрекеттерден тұратынын көпшілігіміз ескере бермейміз.Егер бақытты, жайлы, дені сау, ұстамды, дербес және табысты болса, оған өз әдеттерін өзгертудің қажеті жоқ.Егер зиянды әдеттер денсаулыққа және жеке тұлға үшін қауіпті болса,оның өзгелерге деген қауіпсіз қарым-қатынасы бұзыла қалса, онда тез арада шара қолдану керек.

Көп жасау, дені сау, бақытты болу-адамның өз қолында.

Мәтінмен жұмыс:

В.Ягодинскийдің мәтінін оқып , мәтіннен қандай ой түйгендеріңді алдарыңда тұрған фостерге түсіріп, оны қорғап шығамыз.

Сергіту сәті

Балалардың салауатты өмір салтын ұстану мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады.

Жағдаятты талдау.

І топ. Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сырының иісі шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің?

ІІ-топ. Саған «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық .Әйтпесе...... » деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?

ІІІ-топ. Талғат жазылмас дертке шалдыққан. Оның үлкен зәулім үйі, көлігі, бау-бақшасы, ақшасы бар.

Талғатты бай деп айта аламыз ба?

ІV-топ. Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді. Бірақ сенің темекі шеккің келмейді. Достарың сені темекі шегуге итермелейді. Сен достарыңды да қиғың келмейді. Не істер едің?

V-топ. Темекі денсаулыққа зиянды екені белгілі. Зиян болса неге сатылады? Темекіге тосқауыл қоюға бола ма? Сіздердің ойларыңыз ...

Ойын. «Әріп таңдау»

Ойынның мақсаты: балалардың көңіл-күйлерін көтеру және тез ойлай алуға, ұтымдылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты: Ойнаушылар дөңгелене отырады. Әр топ өздеріне бір әріпті А,Б,Г,Д,Е,Ж,П,О,Қ,Л,М,Н,Р,С,Т, немесе тағы басқа әріптерді таңдап алады.

Оқушылардан қандай әріптерді алғанын сұрап ойынды жүргізеді. Оқушыларға сұрақтар қойылады сол сұрақтарға жауап береді. Мысалы: «А» әрібін алса сол сұрақтарға тек «А» әрпінен басталатын сөздермен жауап береді. Егер ойыншы берілген сұрақтарға жауап бере алмаған, кідіріп қалған жағдайда, ойыншы ортаға шығып, көпшіліктің ұйғаруымен өнерін көрсетеді.

Сұрақтар:

1. Салауатты өмір салтын ұстану үшін қандай тағамдар пайдалы?

2. Сен анаңды қалай жақсы көресің?

3. Мектепте ақылына көркі сай оқушы кім?

4. Болашақта қандай мамандық иесі боласыңдар?

5. Денің сау болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

6. Адамның бойынан табылатын жаман қасиеттер?

7. Мектепте қандай мұғалімді үлгі тұтасың?

8. Спорттың қандай түрін ұнатасың?

9. Адамды сұлу ететін не нәрсе?

10. Қандай әншінің әні ұнайды?

11. Адам ағзасына тигізетін зиянды заттар?

12. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын ата?

13. Дүниежүзіндегі әсем қалаларды ата?

14. Егер сен Президент болсаң не істер едің?

15. Қазақстанның болашақ азаматтары мен азаматшалары қандай болуы керек?

Үйге тапсырма:

1. Ұ. Есдәулетовтің «Қара пима» поэмасын оқып, эссе жазу.

Қорытынды: Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.

“ Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның, Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның, Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның

Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал! Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет