Жұмбақ шешу, күз кереметтерін айту. Көкөністер мен жемістер біздің күнделікті асымыз. Тез ойлауға, толық жауап беруге үйрету. Топтық жұмыс жасауға машықтандыру.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Ресурстар
Сабақтың басы
5мин
Ұйымдастыру. Сайыстың барысын түсіндіру.Топтарды орналастыру.
Көк майсалы, көрікті
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
(Ауа райына, денсаулығына, көңіл күйіне, қоғамға байланысты.)
1. тапсырма. Сәлем-сөздің анасы- деп аталады Өз - өздерін таныстыру. Топтарының аттарын атау. Күзге байланысты тақпақтарын айту.
2. тапсырма. Әр топқа 3 жұмбақтан беріледі.
1-топқа
Ызақор бұғып жатыр,
Сақалын тығып жатыр.
(Пияз)
Көк ала костюм киеді,
Күнің көзін сүйеді.
(Қарбыз)
Қабығы қалың болатын.
Мөлт - мөлт еткен түрлері,
Моншақты еске салатын.
(Анар)
2-топқа Күннен көзін алмайды
Мойны бірақ талмайды.
(Күнбағыс)
Қабығы қатты, Іші тәтті
(жаңғақ)
Қызыл болып піседі.
Тезірек жинап алмасаң,
Ұрлыққа торғай түседі.
(Шие)
3. Тапсырма. "Кім жылдам?" Жеміс- жидек жинайық балалар. Бұл тапсырманың шарты : топ басшылары орындайды. әр топтың атына байланысты жемістер мен көгөністердің суреттерін топ басшылары жерден жинап өз себеттеріне салулары керек. Қай топ басшысы жылдам жинаса сол топ жеңеді
4.Тапсырма. "Кім тапқыр?" Шашылған буындардан сөз құрау. 5 минут беріледі. Топта орындалады.
Құраған сөздерін айтады.
5-тапсырма."Кім жүйрік?"Әр топқа 10 - сұрақ қойылады. Әр сұраққа бір ұпай қойылады. (30-секунт уақыт беріледі). Жылдам жауап берулері керек.
1-топ 1. Ең еңбек сүйгіш жәндік. (құмырсқа)
2. Қазақ аліпбиінеде неше әріп бар?(42 әріп)
3. 7 мысықтың неше құйрығы бар?(7)
4. Алтын түстес жыл мезгілі?(күз мезгілі)
5. 1 жылда неше ай бар? ( 12ай)
6. Әріп дегеніміз не?(дыбыстың таңбасы)
7.Дыбысты не істейміз?(айтамыз, естиміз)
8.Күздің соңғы айы?(қараша)
9. Шыршаны қашан сәндейді?(жаңа жылда)
10. Жыл мезгілдері нешеу?(4)
2-топ
1. Қысы, жазы бір түсте тұратын ағаш?(шырша)
2. Аспан көз жасы.(жаңбыр)
3. Қыста жауады.(қар)
4. Жылататын көгөніс(пияз)
5. Көп киімді көкөніс(орамжапырақ)
6. Қазір қай ай? (қазан)
7. Оны қыста қолға киеміз(қолғап)
8.Ең қадірлі жан.(ана)