Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мен күлгенді ұнатамын» ойын жаттығуы
Педагог балаларға:тұңжыраған жәнекөңілсіз,жабырқаған және ойланған көңілді және күлкілі;қайрымды және қуанышты,т.б.кейіпке еніп,бір бірімен рольге кіріп,адамдардың бейнесін келтіруге ұсынады.балалар айнаға қарап, әдемі ақкөңіл кейіпте күлімдейді.педагог осы «Мен күлгенді ұнатамын » жаттығуын күніне бірнеші рет қайталап көңіл күйді күлкімен көтеруге бола- тынын түсіндіреді. «Күлкі-көңіл күйдің сиқырлы кілті.Адам күлгенде өз көңіл күйін,өз денсаулығын жақсартады және айналасындағы адамдардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер береді.»
Бір бірін мұқият тыңдайды
Смаилик арқылы бағалау
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Ортасы
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. Жапырақтары ерекше қандай ағаш түрлерін білесіңдер? Жауап. Үйеңкі, талшын, емен, қайың, шаған. 2. Ағаш жапырақтарын қандай тәсілдермен бейнелеуге болады? Жауап. Оны түсті қарындаштармен, фломастерлермен, акварель не гуашьпен салып, монотипия, аппликация, баспа-таңба түрінде жасап, ермексаздан мүсіндеуге болады.
Жапырақтардың пішіні, сызықтары, түсі ерекше әрі әдемі. Осыған қарап табиғат суретші тәрізді еңбек- тенген деуге болады. Жапырақтар әсіресе күзде әдемі. Оқушылардан жапырақтар күзде қандай түске боялатынан сұрау керек. Алдын ала дайын- далған жапырақтар мен оқулықтағы, интерактивті тақтадағы суреттерді көріп, талқылауға болады. Одан соң мұғалім: «Мұндай әдемі бейнелер не үшін қажет болуы мүмкін?» деп сұрайды. Оқушылар өз ойларын айтсын (маталарға өрнек салғанда, кілем тоқығанда, ыдыстарды әшекейлегенде, мерекелерді сәндегенде, ашық хат жасағанда және т.б.)