Біләм беру ұйымының атауы
|
«Қарағұр» жалпы білім беретін
|
Бөлім
|
Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Ж.Сатанова
|
Пән/Сынып:
|
Көркем еңбек 3 «Б»сынып
|
Күні
|
20.10.2023
|
Сабақтың тақырыбы:№
|
Таныстыру, талдау жəне бағалау
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты
|
3.3.2.1 – арнайы терминдерді қолдана отырып, өнердің əртүрлі туындыларының суреттеу құралдары мен орындау материалдарын анықтау жəне салыстыру.
|
Оқу мақсаты:
|
Барлық оқушылар жасай алады:
• Берілген тақырып бойынша тапсырмаларды орындайды.
Оқушылардың көбі жасай алады:
• Алған білімі бойынша жоба жасап, мұғалімнің көмегімен түсіндіре алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• Тақырыпқа байланысты қосымша тапсырмаларды орындай алады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Кезеңдері
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
« Суреттерді аяқтайық » жаттығуы
Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту .
Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді .
Геометриялық фигуралар арқылы
Ортаға 3 түрлі геометриялық фигуралар (үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш) Оқушылар өздеріне ұнаған фигураны алып, сол бойынша топтасады. Немесе сол фигуралардың артына өтілген тақырыптар бойынша терминдер жазып қоюға болады.
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
|