Таразы стратегиясы. Әр оқушы меңгерілген тақырып туралы алдынғы білім деңгейімен сабақта алған білім деңгейін салыстыра отырып өзін-өзі бағалайды және болашақта тақырыптарды толық меңгеру үшін қандай бағытта жұмыс жасау керектігін жоспарлайды. Мысалы, оқушы: «Мен 3-ші деңгейде едім, себебі жауын-шашын туралы біраз ақпараттар білген едім, қазір 8-ші деңгейдемін, себебі бүгін сабақта жауын-шашынның таралу заңдылықтарын түсіндім, бірақ 10 деңгейде жету үшін мен қазақ тілінде өз ойымды жеткізе білу үшін, қазақ тілінде сөздік қорды көбейту керекпін».
Ой қозғау Оқушылардың алдыңғы білімін қайталап, жаңа біліммен байланыстыру үшін «Ассоциация» әдісі қолданылады. «Сақ», «Александр Македонский», «соғыс», «стратегия» және т.б. түсініктер мен сөздер арқылы өткен мен жаңа сабақтың арасындағы байланыс орнатылады.
Оқушыларды мұғалім сабақ тақырыбына шығарады.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Жаңа білім
!!!!!!!!!!!!!!!!Қажет еткен әріптестер үшін....бағалар
87027984413
Мәтінмен жұмыс Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойылады:
1. Неліктен А.Македонский сақтарға қарсы шықты
2. Көздеген мақсаты не?
3. Сақтар грек басқыншыларына қалай жауап берді?
4. Екі арадағы соғыс қай жерде болды?
5. Соғыстың масштабы қаншалықты болды?
6. Соғыс барысы қалай жүрді?
Оқушылар жоғарыда аталған сұрақтарға болжам түрінде жауап береді.
1тапсырма:Тарихисынақ хат: 1.Ескендір ____20шілдеб.з.б ____дүниегекелген.
2.Грек македон басқыншыларына қарсы күресті_____атты сақ басқарды.
3.Күннің ыстығы,_________жиі жиі шабуылдары мен соғысу ________гректерді әбден әлсіретті.
4. «Александр жорығы» еңбегін ______________ жазды.
5.Сақтар _____ гарнизоны орналасқан _________ қазіргі Самарқанды қорщауға алды.
Тірек сөздер: Зұлқарнай, 356 жылы, Арриан,сақтардың,шабулдары,Спитамен,грек, Маракананы, тақтиқасы.
2тапсырма:Сәйкестендіру: