II. Берілген сандар қатарының медианасы Реттелген сандар қатарындағы сандардың саны тақ болса – қақ ортасындағы саносы қатардың медианасыдеп аталады; ал реттелген сандар қатарындағы сандардың саны жұп болса – ортасында жазылған екі санның арифметикалық ортасы осы қатардың медианасыдеп аталады.
Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін:
берілген сандарды өсу (кему) ретімен орналастыру керек;
Өсу (кему) ретімен орналастырылған сандарды нөмірлеу керек. Бірінші нөмірге ең кіші (ең үлкен) сан жазылады. Берілген нөмірлер санның қатардағы орнын көрсетеді.
Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы дегеніміз ең үлкен және ең кіші мәндерінің айырмасы.
-3; 4; -8; 5; 7; 13 сандар қатары берілген.
13 – ең үлкені
-8 – ең кішісі
Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы R=13 – (-8) = 13+8 = 21
Тапсырмалар. 6 «в» сыныбының оқушыларының бойларын өлшеген кезде мына нәтижелерді алдық: 137; 149; 150; 150; 150; 155; 160; 162; 162; 165; 165 (см). Олардың бойларының медианасын, модасын, өзгеруқұлашын тап.
Бір ісі қаңтар айында 78954 теңге, ақпан айында 127832 теңге, наурыз айында 115652 теңге табыс тапты. Осы кезеңдегі табысының өзгеру құлашы қандай болды?