Сабақтың тақырыбы: Т. Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі



бет1/3
Дата10.05.2023
өлшемі0,87 Mb.
#91470
түріСабақ
  1   2   3


Бөлім:

«Қиял мен шындық»

Мұғалімнің аты-жөні:

Сатбекова Г

Күні:

13.04.2023ж

Сынып: Әдебиет, 8б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Зерттеу сұрағы
Проблемасы

Сабақта сараланған тапсырмаларды тиімді қолдану арқылы 8б сыныбындағы білім алушылардың сабақтағы белсенділігін қалай жақсартуға болады?

Сабақтың тақырыбы:

Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау

Сабақ мақсаттары:

автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін саралау тапсырмалары арқылы талдайды

Сабақ барысы:

Сабаақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру


Жаңа сабақ
5-7 мин

Бағалау
Кері байланыс.



І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейінін сабаққа аудару.
Топқа бөлу.( flippity.neс)
wordwall.net -платформасы арқылы үй жұмысын пысықтау.


«Ойтүрткі сұрақ»
1. Күйдің адам өміріндегі маңызы қандай?
2. Әңгіме не туралы баяндалады?



  1. Оқу мақсатымен бағалау критерийлермен таныстыру.

БК

  • Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін талдайды;

  • Шығарманың құндылығын бағалайды;

  • Шығарма құндылығын қазіргі кезеңмен байланыстырады.

1-тапсырма.ТЖ. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасаңыздар және компазициялық талдау жасаңыздар.


1-топ. GROW әдісі бойынша Естемес бейнесіне талдау жасаңыз.
G- мақсаты. (Естеместің алдына қойған мақсаты қандай?)
R-қазіргі жағдайы. (Ситуациядан шыға үшін қандай амал жасады?)
O- қолдағы мүмкіндіктер. (Қолдағы қандай мүмкіндікті пайдаланды?)
W-әс-ірекеті. (Адамгершілік тұрғыда қандай әрекет жасады?)

2-топ.FILA әдісі бойынша Оразымбеттің бейнесіне талдау жасаңыз.


F- факт. (Оразымбет туралы мәтіннен деректер келтіріңіз)
І-идея. (Оразымбеттің әрекетіндегі идеяны анықтаңыз)
L-зерттеу.(Күйдің шығуына Оразымбеттің қандай қатысы бар?)
A-шешім.(Оразымбеттің шешімі қандай болды?)

3-топ. SWOT әдісі бойынша Жаңыл бейнесіне талдау жасаңыз.


S- күшті жақтары. (Жаңылдың күшті жағын сипаттаңыз)
W-әлсіз жақтары.(Жаңылдың әлсіз жағын сипаттаңыз)
O-мүмкіндіктер.(Жаңылдың қолда бар мүмкіндігін көрсетіңіз)
T-қауіптер.(Жаңылға төнген қауіпті көрсетіңіз)

4-топ.Шығармаға композициялық талдау жасаңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет