3.Сергіту сәті:
Самал сипап шашымды,
Күн төгеді арайды.
Құс боп ұшсам батымды,
Күл қол бұлғап қарайды.
4.Тез ойлан ! ойыны.
Оқушыға сөздерді буынға бөліп, неше әріп, неше дыбыс бар екенін табтыру.
Отбасы От-ба-сы. 6 әріп, 6 дыбыс.
Ата А-та 3 әріп, 3 дыбыс 2 буын.
Әке , Қарындас т.б
Сабақты қортыдылау.
Пәні: Түзету ырғағы
Мерзімі: 11.02.22ж
Сыныбы: 3 т/д
Пән мұғалімі: Оразымбетов А.Т.
Сабақтың тақырыбы: Қағаз бетіндегі қеңістік. Қағазбен жұмыс жасау.
Мақсаты: 1.Балаларды қағаздың түрлерімен таныстыру.
2.Қағазбен жұмыс жасау іскерлік-дағдыларын қалыптастыру.
3.Тік төртбұрышты пішіндерден әр түрлі ойыншықтар жасатып ой-қиялын дамыту, еңбекке тәрбиелеу.
Керекті құралдар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, үлгі суреттер. Картон және жазу жазатын жұқа қағаздар т.б.
Әдіс-тәсілдері: қағазбен жұмыс істеу: бүктеу, қию, желімдеу, қағазды теңестіру, көлемі, пішініне сәйкес тең етіп қию жолдарын түсіндіру. Үлгілерді талдау.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: үй жануарлары мен жабайы жануарлар жайында ертегі оқу. Сурет бойынша әңгімелету. Ерекшеліктері жайында айтып, сипаттама беру.
Сабақтың барысы: Мұғалім балаға түрлі-түсті қағаздарды таныстыра отырып, қағаздың әр түрін көрсетіп, сапасына (қалың, жұқа, жұмсақ, қатты, бүктеуге болады) тоқталады. Мысалы: түрлі-түсті қағаздар, жұқа қағаздар оңай бүктеледі, тез қиылады. Қайшымен қиып көрсетіледі. Жазу жазатын, сурет салатын қағаз, фольга, т.б. Ал картон қағаздарды бүктеу қиын әрі қиюға келмейді.
Мұғалім: "Мына түрлі-түсті қағаздарды қарашы, түстерін айтып бер", — деп сауал қояды (қызыл, жасыл, сары, көк, т.б.). Пішінін сұрайды (тік төртбұрыш). Бір парақты ортасынан бүктеп үлкен-кіші көлемдерін салыстырады. Осындай тік төртбұрыштардан түрлі ойыншықтар жасап үйренеді. Үлгіге талдау жасап, әліппе-дәптердегі суреттерге назар аударады. Ойыншықты жасау үшін: парақ қағазды бұрыштарын, қабырғаларын теңестіріп ортасынан қос бүктейміз;
— үлкен тік төртбұрышымыз кіші тік төртбұрыш болды.
— оны ортасынан тағы қабаттап бүктейміз, бүктеу сызығын қолымен сипап сындырсақ, одан да кіші тік төртбұрыш болады;
— енді осы тік төртбұрышты сызық бойымен қиып аламыз, енді екі тең тік төртбұрыш болды;
— осы тік төртбұрыштан қоян немесе мысық жасауға болды;
— Қоянның құлағы, көздері қандай? Мысықтан ерекшелігін атап айту (Қоянның құлағы ұзын, көзі үлкен, т.б. Мысықтың көзі қысық, құлағы үшбұрышты). (Математикалық ұғымдармен байланыстыру).
— қағаз түстерін, дене бөліктерін бала өзі таңдап алған қағаз түсінен қиып жасайды;
— түсті қағазды қос бүктеп алып, ақ жағына — қоянның құлағы, аяғы, оны қию жолдары көрсетіледі, көзін, тұмсығын фломастермен жасату;
— үлгіге қарай отырып, дене бөліктерін орналастырып, желімдеу ұсынылады;
— балаға көмек көрсетіліп, бағыт беріледі;
— жұмысты аяқтай бастағанда өзі жасаған ойыншықтары туралы білетін өлең, тақпақ немесе жұмбақтарын айтып беруді сұрайды;
—өзі жасаған жұмыстарын бірлесіп талдау жасайды, жақсы жұмыстар мадақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |