Сабақтың тақырыбы: Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі
Отбасы – бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің негізгі құралы болып келеді. Сондықтан ол – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасыда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің кепілі.
Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Өйткені, бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы.
Достарыңызбен бөлісу: |