Біріншіден: отбасында болатын өктемдік баланы өзін-өзі билеушілігінен айырады, ол өз күшіне, мүмкіндігіне сенімсіз және ішкі жәй-күйі төмен болады.
Екіншіден: баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік, ата-аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп, еркіне жіберушілік өзімшілікке тәрбиелейді.
Үшіншіден: әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата-аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдаланып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.
Төртіншіден: ата-аналар балаларды еркімен қарым-қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.
Бесіншіден: егер әке мен ана өз баласының іс-әрекетіне немқұрайлы, жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады.
Осымен бірге тәрбие процесінде жалған беделдер де кездеседі. А.С.Макаренко олардың бірнеше түрін көрсетті: «Басу беделі», «Мейірімділік беделі», «Сатып алу беделі» т.б.
Отбасы тәрбиесінде халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірбиесін, ұлттық ерекшелігін есепке алу өте қажет. Отбасына қатысы бар адамдардың әлеуметтік орны біздің халықта өте терең жіктелген. Мысалы, ата мен әже, әке мен ана, аға мен апа, іні мен қарындас, немере, шөпшек, жиен, жиеншар, құда мен құдағи, құда бала мен құдаша, қайын мен қайын сіңілі, жезде, бажа, т.б. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесінде даналық ақыл-ойдың, орынды дүниетанымының, талғамның, орынды тәртіп пен мінез-құлықтың мектебі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |