Отбасының түрлері:
Құрылым бойынша: нуклеарлы отбасы (тәжірибесі аз отбасы, бір некелік жұп және балаларынан тұрады), кеңейтілген отбасы (нуклеарлы отбасы мен ата, әже, ерлі-зайыптылардың туыстары, достары, басқа туыстары да тұратын), толық емес отбасы.
Жұбайлар арасындағы билікті бөлу құрылымына қарай: эгалитарлы (тең құқықтылыққа негізделген); авторитарлы (басты шешімді күйеуі не әйелі қабылдайды).
Балалар саны бойынша: бір балалы, балалар саны орташа (2 баласы бар), көп балалы, баласыз отбасы.
Отбасындағы педагогикалық-психологиялық ахуалға қарай: жақсы отбасы, жағдайсыз отбасылар деп бөлінген.
В.А.Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды.
Сабақтың тақырыбы: Оқушылардың тәрбиелік деңгейін диагностикалау
тұлғаның тәрбиелілік деңгейімен, оқушының қоршаған әлеум Тәрбие үдерісі еттік ортамен және жалпы қоғаммен әрекеттестікке дайындығымен сипатталады. Осы дайындықты анықтау және айқындау үшін диагностика – оқушының даму үдерісі мен нәтижелеріне талдау жүргізіледі.
«Диагноз» грек тілінен аударғанда танып білуді білдіреді. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық диагностика бағыттары анықталды.
Диагностика болмаған жерде оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару мүмкін емес.
Диагностика - бұл оқушының даму үдерісі мен нәтижесін талдау. «Диагностика» түсінігінің мәні «білім, іскерлік және дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең.
«Тексеру» нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңғартады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс-тәсілдермен бірге қарастырылады, диагностикалық үдерістің бағдар-бағытын, ілгері не кері қозғалысы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |