Отбасында мынадай функциялар жүзеге асырылады: репродуктивтік, яғни балалардың тууы, шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеушілік, коммуникативтік, адамгершілік-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету; бос уақытты тиімді ұйымдастыру.
«Неке және отбасы» туралы Заңда (1998 жыл) ата-аналардың балалары алдындағы міндеттері айқын көрсетілген. Мысалы, 62-бапта:
ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті;
ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті.
Міне осы заң арқылы қоғам ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттырып отыр.