Сабақтың тақырыбы: «Тілден артық қазына жоқ»



бет22/33
Дата02.05.2023
өлшемі1,25 Mb.
#88780
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ТАҒАМЫМ.
Сабақтың мақсаты: Жаңа сөздермен таныстыра отырып сөйлем құрап, сұраққа жауап беру арқылы тілдерін дамыту.
Жаңа сөздерді есте сақтауға жағдай туғызу.
Жалғауларды дұрыс жалғай білуге үйрету.
Тағамның адам өміріндегі қажеттілігін ұғындырып, қадірлей білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
* Жаңа сөздерді есте сақтауға жағдай туғызу.
* Жалғауларды дұрыс жалғай білуге үйрету.
* Тағамның адам өміріндегі қажеттілігін ұғындырып, қадірлей білуге дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: Жұптық жұмыс, СТО әдістері, сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, талдау, INSERT стратегиясы.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, суреттер, стикерлер.
Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. (Бүгін біз сіздермен қазақ тілі сабағын
өткіземіз. Сабаққа дайынбыз ба? Ендеше, қысқы
шуақты күні сәттілік тілеймін.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3. Оқушылардың ынта-зейіндерін сабаққа аудару.
(шаттық шеңбер құру) мотивация кезеңі
Қайырлы күн, біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз!
Мақсатымыз – білім алу!
Міндетіміз – еңбектену.
Жақсы балалар, енді орындарымызға отырып, сабағымызды бастайық.
ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау – ТҰСАУКЕСЕР

1. Білімдерін тексеру үшін тақтаға назар аударайық.
Тақтада құлыптаулы сандық бар екен.
Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады дегендей жұмбақты шешейік, сандықты ашайық.
Жұмбақ
Сылдыр сұйық су емес,-
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да, қар емес,
Шешуін кім табады. (СҮТ)
Жақсы, балалар, сандық ашылды ішінен тапсырмалар шықты, енді осы
тапсырмаларды орындайық.
1. Біз қандай тағам түрлерін білеміз?
2. Ұннан жасалатын қандай тағамдар бар?
3. Сүттен жасалатын қандай тағамдарды білеміз?
4. Қандай ет тағамдары болады?
Енді балалар әрі қарай жұмысымызды топпен жалғастырамыз.
Ең алдымен балалар өздеріңнің сүйікті тағамдарына не жатады?
Соны айтып шықсақ.
Стикерлерді таңдаймыз. (қызыл, жасыл, сары)
Қызыл – 1 топ - Сүт тағамдарын атағандар алады
Жасыл – 2 топ – Ет тағамдарын атағандар алады
Сары – 3 топ – Ұн тағамдарын атағандар алады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет