Сабақтың тақырыбы: «Тілден артық қазына жоқ»



бет24/33
Дата02.05.2023
өлшемі1,25 Mb.
#88780
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
қмж

1-ші топ. Сүт тағамдары.
Көп нүктенің орнына септік жалғауларын дұрыс жалға.
Ата... үйрен, сүт... жаса, төсек... тұрды, ағам... сұра.
Керекті жалғаулар: (-дан, -нан, - ден, - тен)


2-ші топ. Ет тағамдары.
Мына сөздерге тәуелдік жалғауларын жалғап жазыңдар.
Тағам, сорпа, жылқы, сиыр, шұжық, ет.
(-ң, -ым, -ы, -сы, ыңыз, -і)


3-ші топ. Ұн тағамдары.
Берілген сөздерге көптік жалғауларын қойып жазыңдар.
Нан, егін, диқаншы, тағам, астық, бауырсақ.


4-ТАПСЫРМА – (тілдесім әрекеті) – Сөйлесімді оқыңдар, аударыңдар.
1-ші топ. Сүт тағамдары.
-Базардың қасында азық-түлік дүкендері бар ма?
-Иә, үлкен және шағын азық-түлік дүкендері бар.
-Онда сүт қанша тұрады?
-Сүт...теңге тұрады.
-Ірімшік бар ма екен?
-Ірімшік жоқ, айран бар.
-Айран қанша тұрады?
-Айран ...теңге тұрады.
-Маған айран беріңізші.
-Рақмет, сау болыңыз.
2-ші топ. Ет тағамдары.
- Сәлем...
- Сәлем...
- Қалың қалай?
- Жақсы, сенің ше?
- Жаман емес.
- Сен қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесің?
- Мен қазақтың ұлттық тағамдарының негізгі үш түрін білемін.Олар ет, сүт, нан тағамдары
- Ет тағамдарына нелер жатады?
- Ет тағамдарына жая, қуырдақ, қазы, ет жатады.
- Сүт тағамдарына не жатады?
- Сүт тағамдары ірімшік, құрт, май, сүт, қымыз, қаймақ жатады
- Рақмет, сау бол!
- Сау бол!
3-ші топ. Ұн тағамдары.
- Сен нанды қай дүкеннен аласың?
- Мен нанды азық – түлік дүкенінен аламын.
- Отбасыңа қандай нан ұнайды?
- Отбасыма ақ нан ұнайды.
- Нансыз тамақ іше аласың ба?
- Жоқ, нансыз тамақ іше алмаймын.
- Сенің анаң ұннан қандай тағамдар дайындайды?
- Менің анам ұннан нан, тоқаш, бауырсақ дайындайды.
- Сен өзің нан пісіре аласың ба?
- Жоқ, әзірше пісіре алмаймын.
- Жерде нан жатса, сен не істейсің?
- Жерде жатқан нанды көтеріп, торғайларға беремін.
- Қатқан нанды не істейсіңдер?
- Қатқан нанды да жібітіп, торғайларға беремін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет