Сабақтың тақырыбы: «Тілден артық қазына жоқ»


Тақырыбы: «Мақал – сөздің маржаны»



бет4/33
Дата02.05.2023
өлшемі1,25 Mb.
#88780
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
қмж

Тақырыбы: «Мақал – сөздің маржаны»
Мақсаты: Білімділік: Халық ауыз әдебиетін пайдаланып, оны орынды
қолдана білуге шаршы топ алдында сөз жүйесін таба білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген
сүйіспеншілігін, қызығушылығын, шешендік өнерін дамыту, ойлау
қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл
мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен
тапқырлыққа өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жақсартуға
тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, проблемалы мадақтау
Тәсілі: Сайыс
Көрнекілігі: Халық ауыз әдебиеті бойынша «Ел аузынан» әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен, қонақтармен сәлемдесу.
Ә) Оқушылардың тәрбие сағатына қатысуын тексеру
Б) Кабинет тазалығына назар аудару
ІІ. Топ жетекшісінің тәрбие сағатының тақырыбын, мақсатын хабарлауы.
Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыру. Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі мақал-мәтелдер мен жұмбақ, жаңылтпаштардың түрлерімен таныстырып өту. Олардың шығу тарихы жайында мағлұмат беру. Мақал - мәтелдерді дұрыс, ұтымды пайдалануға үйрету. Әр сөздерді ұтымды, әсерлі етіп жеткізе білуге баулу.
ІІІ. Тақырыпқа сәйкес дайындыған материалдарды тыңдау.
Мұғалім: Армысыздар құрметті жиналған қауым. «Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты.
Сүйемін туған тілді – анам тілін
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім, - деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров бекер жырламаған. Ана тілі әр адамға ананың ақ сүтімен, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, атадан балаға жетіп отыратын ұлы күш.ана тілінде сөйлуден бзу, ақ сүтін беріп асыраған Анаңды ұмытумен бірдей.
Ана тілі-ар өлшемі. Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, - деген тұжырымы жастар мен қатар үлкендерге де қойылатын талап
ІV. Оқушылармен тақырып төңірегінде әңгіме-сұхбат жүргізу пікір-талас, сайыс ұйымдастыру.
Бүгінгі сынып оқушылары арасындағы «Мақал – сөздің маржаны» атты сайысымызды тамашалуға қош келдіңіздер. Мақал-мәтелдер ғасырлар шежіресі онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен ерекшеленеді. өмірдің сан алуан құбылыстарындағы халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрлі жалпы алғанда жұмбақ адамның дүниетену жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді.
Қадамдарыңызға нұр жаусын дей келе, бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін:
1. Мақал – мәтел айтудан жарыс
2. Мақалмен жауап беру.
3. Сөздерге мақал-мәтел құрау
4. Жұмбақ шешу
«Мақал – сөз атасы» дегендей бүгінгі сайысымызға қатысушылармен танысып өтейік.
« Дарын » командасы
«Достық» командасы
(Әр топ өздерін таныстырып өтеді, команда мүшелерімен)
Бүгінгі сайысымызда әділ төрелік етуші әділ-қазылар алқасымен таныс болайық: _________________________________________________________ .
Сайысымыздың бірінші шарты мақал – мәтел айтудан жарысамыз. Мен бір сөз айтамын сол сөзге сіздер мақал құрайсыздар. Сол мақалдың ішінде қандай сөз бар, сол сөзге келесі топ мақал құрайды.
Еңбек, батыр, білім, отан, тіл.
Осы бөлімнің қорытындысын тыңдасақ Гулмира апай өзіңіз айта кетсеңіз, рахмет.
Талаптың мініп тұлпарын
Самғай бер көкке сұңқарым
Талаптыға нұр жауар, талапсыздан қорқамын – дей келе сайыс шарты түсінікті болса, сәттілік тілеймін.
Сайсымыздың екінші шарты. Мұғалім қойған сұраққа қатысушы мақалмен жауап береді. Мысалы: жыланды інінен қалай шығарамыз. Жылы – жылы сөйлесең жылан інінен шығады.
1. Қар жана ма? (қалауын тапсаң қар жанады)
2. Тастың жеңілі бола ма? (керек тастың ауырлығы жоқ)
3. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)
4. Киіз қазық жерге кіре ме? (тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді)
5. Аппақ қарға бола ма? (қарға баласын аппағым дер)
6. Қой мен қасқыр ойлана ма? (қойдың ойлағаны – амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық)
7. Қарғыстың жаманы не? (қаралы қарғыс киесін табар, қарасыз қарғыс айналып иесін табар)
8. Жігітті шал деген жөн бе? (жаман жігіт жасында шал болады)
9. Ең тәтті не? (ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті)
10. Адамның қай мүшесі қорқақ? (көз қорқақ, қол батыр)
11. Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (қолыңнан келсе қонышынан бас)
12. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман)
13. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (шашу оңай, жинау қиын)
14. Тауық түс көре ме? (тауықтың түсіне тары кіреді)
15. Үлкен көз, үлкен сөз бола ма? (қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен)
16. Ер неше ре, қорқақ неше рет өледі? (ер бір рет, қорқақ мың рет өледі)
17. Көрдім, көрмедім деген неше сөз? (көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз)
18. Отан неден ыстық? (Отан оттан да ыстық)
19. Отқа түсіп күймеуге бола ма? (отан үшін отқа түс, күймейсің)
20. Шошқа үре ма? (ит жоқта шошқа үреді)
Рахмет осымен көзді ашып-жұмғанша сайысымыздың екінші бөлімі де аяқталды. Осы бөлім бойынша қортындылайтын болсақ Жүргенбай ағай не айтар едіңіз.Рахмет. Енді сайсымыздың үшінші бөліміне тоқталып өтейік. Мына сөздерге мақал-мәтел құрыңыздар:
1. Қой, қойшы, қозы
2. Арпа, бидай
3. Бірлік, тірлік
4. Жер
5. Ит
6. Еріншек
7. Білім
8. Отан
9. Қылыш
10. Әке
11. Тіл
12. Той
13. Ет
14. Өтірік
15. Ер, батыр
Рахмет бұл сайсымыздың қорытындысын Айткүл апайымыз айта кетсе, Айткүл апай сөз кезегі өзіңізде
Гүл жайнасын жастардың ажары
Тарқалмасын бүгінгі күн базары
Болашақтың берік ұстап тұтқасын
Сайыскердің болсын жарқын жолдары – дей келе төртінші бөлімге де келіп жеттік. Бұл бөлімде жұмбақ шешеміз.
1. Сүмбіл теректі, жасыл желекті
Ерден қалмайды, жауға керекті. (Найза)
2. Шеңбер жасап өседі, желмен бірге көшеді. (Қаңбақ)
3. Жансызда бір жансыз бар, жалғыз аяқ,
Беліне қыстырғаны шиден таяқ,
Келбетіне қарасаң ештеңе емес
Беліне буыныпты аянбай-ақ (Ұшқыш)
4. Үлпершекке қан құйып, үріп талға байладым (бүлдірген)
5. Шидиген ұзын сирағы, тастай керең құлағы
Сөйтіп жүріп көп жерге, аспалы тор құрады. (өрмекші)
6. Тептім терекке шықтым (үзеңгі)
7. Көтерейін десем, ауыр кілем
Көтермейін десем тәуір кілем (жер шары)
8. Тұратұғын әр үйде, жайлы орын сәбиге
Шаңғы табан үйшік ол, тербететін әрине (бесік)
9. Аяғы бар жүрмейді, аузы бар күлмейді
Айнымайды бөпемнен тек сөйлеуді білмейді
10. Сөйлесесің әркіммен, естілмейді дыбысың, білінбейді бір ісің.
(көрген түс)
11. Алтынмын деп алдайды, алтын бола алмайды. (жез)
12. Тастан емес, қылыштан емес қорғаны
Қарағайдан , қайыңнан да болмайды
Шешілмейтін жұмбағы да қалмады
Сонда мұның қандай қала болғаны. (Талдықорған)
13. Жетісу мен Арқаның арасында
Сынаптай көлбеген көл жағасында
Орналасқан қаланың есімі бар
Көл аттас ойлансаң сен табасың да (Балқаш)
14. Емес ол кітапта, дәптер де
Жүреді бірақ портфельде (күнделік)
15. Таптым-таптым тап жорға
Табаны жалпақ боз жорға (түйе)
16.Аспай піскен, қайнамай түскен. (жеміс)
17. Алам аяқ, алам аяқ жүгірсем жеткізбеді жалаң аяқ (көлеңке)
18. Жаурағанды күлдірер, оө еркіне жіберсең дүниені бүлдірер (от)
19. Тізіліп тұрған тісі бар, көп тындырған ісі бар (орақ)
20. Текшелеп тебен арттым тамашаға,
Тамашам жүгіреді оңашады (кірпік)
V. Мұғалімнің тәрбие сағатының нәтижесін қорытындылауы.
Бүгінгі біздің сайысымыздың қорытынды кезіне де жеттік
Тіл ұлтымның тілегі,
Таңдатпай тағдыр жолдаған.
Тіл – ұлтымның жүрегі,
Лүпілін Алла қолдаған.
Тіл – Қорқыттың арманы,
Асан қайғы өрлеткен
Тіл-Абай сөз орманы,
Бұталы тармақ ер жеткен.
Жүдесе жүрек, хал бітер,
Жабылар озар жүйріктен.
Тілің тозса, әр кетер,
Сеп болмай қолда биліктен.
Мән берсең әрбір сөзіме,
Жан айқайын жазамын,
Өз қолың жетсе өзіңе,
Тіліңді қорға қазағым
Бүгінгі біздің жеңімпазымыз «Дарын» тобын құттықтаймыз!
Ана тілім – бала шағым, өркенім
Ана тілім – болашағым, ертеңім
Ана тілім – сайын далам, жер көгім
Ана тілім – арман ойым өрнегім
Ана тілді білмесем
Шат-шадыман күлмесем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмесем!
Осымен бүгінгі біздің сайысымыз аяқталды, қатысқандарыңыз үшін рахмет.жеңісті күндерде жолыққанша!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет