Сабақтың тақырыбы: «Тілден артық қазына жоқ»


Тақырыбы: 1001 мақал, 101 жұмбақ. Мақсаты



бет5/33
Дата02.05.2023
өлшемі1,25 Mb.
#88780
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
қмж

Тақырыбы: 1001 мақал, 101 жұмбақ.
Мақсаты: 1.Білімділік:
Мақал-мәтел,жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем,ұтымды сөйлеуге үйретіп, олардағы негізгі ойды білдіру.
2.Дамытушылық:
Оқушылардың тіл байлығын арттырып,ойлау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік:Адамгершілікке,адалдыққа тәрбиелеу.Ата-бабала-рымыздың өсиетін қадір тұтуға,мақал-мәтел,жұмбақ,шешендікөнер арқылы өз елінің тарихын білу,әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сыйлауға баулу. 
Әдіс-тәсілдер: Сайыс түрінде.
Көрнекілік құралдар: Плакаттарға жазылған нақыл сөздер.
Барысы: 
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Негізгі бөлім.
3.Қорытынды. 
-Сәлеметсіңдер ме? Құрметті оқушылар!
-Асыл сөз көп халықта,
Іздеп жүрер құлаққа.
Іздеген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа.
-Мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата-бабаларымыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен мазмұны тереңдей, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Ендеше, «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысын ашық деп жариялаймын.
І-кезең. 
І қатар
1.Еңбектің наны тәтті…..
(жалғасын оқушылар жалғастырады.)
2.Білікті бірді жығады…
3.Өзге елге ұлтан болғанша…
ІІ қатар
1.Ата көрген оқ жонар…
2.Балапан ұяда не көрсе…
3.Гүл өссе-жердің көркі…
ІІІ қатар
1.Отансыз адам…
2.Ел іші…
3.Отанды сүю…
- Сайыскерлерімізді ортаға шақырып , алғашқы айналымды бастаймыз. Жүргізушінің мақалын жалғастырады. Аз ұпай алған ойыншы, ойыннан шығады.
1.Туған жердей жер болмас...
2. Бірлік болмай...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет