Ойын шарты: Ойынға қатыушыларды екі топқа бөлеміз, дұрыс жауаб берген топқа ұпай беріліп отырады:
«Тапқырлар» тобы
«Білгіштер» тобы
І-кезең «Білгенге маржан» сұрақ жауап бөлімі:
«Тапқырлар» тобы:
Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
Сүттен жасалатын тағамдарды ата. (Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, т.б. )
Наурыз көже неше дәмнен жасалады? (7)
Жеті қазынаны ата. (Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық.)
Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
Ою-өрнек түрлері ата ( қошқар мүіз, құс мұрын...)
Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
Көшпенді қазақтардың үйі қалай аталған? (киіз үй)
«Білгіштер» тобы
Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
Қазақтың ұлттық тағамдарын ата (ет, қазы-қарта, ірімшік, айран, сүт т.б.)
Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз (асық, көкпар, қыз қуу, арқан тартыс, ақсүйек)
Мойынға тағатын әшекей (алқа)
Жеті атаны ата ( Ата, Әке, Бала, Немере, Шөбере, Шөпшек, Немене)
ІІ- кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр». Сиқырлы шаршылар шығады. Сол шаршының бетінен қалаған бір қаланы тандап ашуға рұқсат етіледі. Қаланың артында жасырылған жарты суреттеріне қарап салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындарды атауын тауып сипатау керек.
«Бесікке салу». Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен, қадірлі аналардың бірі әкеліп сыйға береді. Баланы бесікке салу рәсімін бесік сыйлаған анаға тапсырады. Бесікке бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады, ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі, көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды. Тойға келгендер балаға батасын беріп, шашу шашады.
Достарыңызбен бөлісу: |