3.Тілі бар өзінде, Сөзі бар ізінде.(қалам)
-Ортаға үш жұмбақшы шығады. Аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.
І-айналым. 1.Білімнің жол басшысы,шәкірттің қолбасшысы.(мұғалім) 2.Сағат сайын соғылады,тек мектептен табылады.(қоңырау) 3.Жұқа тақтай бөлшегі,ұзындықтың өлшемі (сызғыш) 4.Шәкірттің кезгені,білімнің безгені (баға) 5.Төрт қырлы, өзі аппақ, тақтадағы ізі аппақ(бор) 6.Доп сынды келбеті,онда бар түп-түгел,әлемнің әлпеті(глобус) 7.Білім менен тәлім,парақты ашқанда,беттерінен мәлім(күнделік) 8.Қабы салу,ліні бояу(қарындаш) 9.Ұшылмен қазық,тор көзді жазық, Үстіне өттім,асыл сөз жазып. 10.Бірін-бірі қоштаған,бір үйден көрдім, 42 дос жаран. Ойыннан шыққан сайыскерлерімізге түрлі-түсті қағаздардан қиып жасалған сыйлықтар ұсынылады.
ІІ-айналым.
Қалған екі жұмбақшыға жұмбақ жасырылады.
1.Ти десем тимейді, Тиме десем тиеді.(ерін) 2.Қорыққанда жем аяқ, Отырғанда темірдей-ақ.(қоян) 3.Бақшадан жер қазып, Жиып алдым жез қазық.(сәбіз) 4.Күмбез сынды кең сарай, Еш жерде жоқ тең сарай.(аспан) 5.Өзі ащы,дәмді етер асты.(тұз) Ойыннан шығушы сайыскерімізге шаңын сыйлық ұсынылады.
-Ортаға Ерғалиева Сабинаның орындауында халық күйі «Секіртпені» қабыл алыңыздар.
-Кезек «көрермендер көрімдігі»айдарына да келіп жетті.
1.Қимылдаса қос шебер,қыруар-қыруар іс өнер(қол) 2.Жүрсе ізі жоқ,сойса қаны жоқ(қайық) 3.Белі бүкір,алысқа түкір(мылтық)
4.Үй үстінде ұсақ тас(жұлдыз) 5.Жазда қыдырады,қыста тығылады(аю)