Кеспектер. Суда пісіріп, гарнир үшін пайдаланады.
Орташа мөлшердегі картопты қарама қарсы екі жағынан кесіп, жонады да кеспек пішінін береді.
Дөңгелекше. Жұқа дөңгелекшелеріді қуыруға, ал піскенін балық, ет орамасын дайындауға ысытып қақтыруға пайдаланады.
Піскен немесе шикі картопты айналдыра тегістеп, жонып, цилиндр пішінін береді, кейін қалындығы 1-1,5 мм етіп турайды.
Сарымсақшалар. Сорпа дайындау үшін пайдаланады.
Шикі картопты алдымен жонып бөшкешелер жасайды, кейін ұзына бойына турап бірнеше бөлікке бөледі. Әрбір бөліктің қырына кішігірім ойыс жасайды.
Шар пішінділер. Ірі шар пішінділерді майы көп пісіргіде қуыру және суда пісіріп, салқын тағамдар гарнирі үшін пайдаланады.
Шикі картоптан арнайы ойыс жасайтын құралдар арқылы әртүрлі мөлшердегі шар пішіндерін жасайды немесе жону әдісін қолданады.
Жаңқашалар. Майы көп пісіргіде қуыру үшін пайдаланады.
Шикі картопты қарама- қарсы екі жағынан тіліп, биіктігі 2-3 см болатын цилиндр алады, жан жағынан тегістейді, қалындығы 2-2,5 мм, ұзындығы 25-30 см болатын таспа қияды. Содан соң бант пішінін беріп, жіппен байлайды.
Ширатпа. Майы көп пісіргіде қуырады.
Арнайы құралды пайдаланып, картопты ширатпа етіп турайды. Топинамбур мен бататты картоп сияқты өңдеп турайды.
Тамыржемісті көкөністерді өңдеу.
Тамыржемісті көкөністерге –сәбіз, қызылша, тарна, шомыр, шалғам, ақжелкек, желкөк, ботташық, балдыркөк жатады.
Сәбізді, ақжелкекті, ботташықты сорттап, олардан көктерін, тамыршаларын кесіп тастайды да жуады, қолмен тазалайды. Ақжелкек пен балдыркөктің көктерін іріктеп алып, бұзылған, сарғайған және солған жапырақтарын жұлып, жуады.
Тағамдар дайындау үшін тамыржемістілерді турайды.
Сәбізді жай немесе күрделі формада турайды.
Жай формалары:
Сабанша
Томаршалар
Текшешелер
Бөлікшелер
Дөңгелекшелер
Тілімшелер
Достарыңызбен бөлісу: |