Сабақтың тақырыбы: Түйнекжемістілер мен тамыржемістілерді өңдеу және турау тәсілдері



бет4/6
Дата16.01.2023
өлшемі31,11 Kb.
#61505
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Түйнекжемістілер мен тамыржемістілерді өңдеу және турау тәсілдері

Күрделі формалары:

  1. Жұлдызшалар

  2. Айдаршалар

  3. Шар тәрізділер

Сабанша. Оларды маринад, борщ (флоттық пен сібірліктен басқа), кеспе сорпа, қышқылтым сорпа, сәбіз котлеттерін дайындауға пайдаланады.
Қолмен немесе көкөніс турағышпен турайды. Сәбізді қолмен турау кезінде жұқалап, жалпақтап кеседі де, оны сабаншаға ұсақтап турайды.
Томаршалар. Жұмыр кеспеден және көкөністен жасалатын сорпалар дайындауға және бүктіруге пайдаланады.
Шикі сәбізді алдымен ұзындығы 3,5-4 см етіп цилиндр пішінде көлденең кесіп, сосын қалындығы 0,5 см болатындай етіп жалпақтап кеседі де томаршаларға турайды.
Текшешелер. Шикі сәбізді орташа текшешелерге турап бөктіруге, бұқтыруға, ұсағын-көже, піскен сәбізден алғандарын- салқын тағамдар үшін, шикі сәбізден алынған өте ұсақтарынан –тәуліктік щи, күріш көже дайындауға пайдаланады.
Сәбізді ұзына бойына тіліп ұзын томаршалар алады, сосын оларды көлденең кесіп текшешелер алады. Мөлшеріне қарай текшешелер орташа, ұсақ және өте ұсақ болып бөлінеді.
Бөлікшелер. Сәбіз бөлікшелерін бөктіру, турам ет, жас орамжапыратан жасалған щи, пештің қақпақты ыстық қуысында пісірілген сиыр етін дайындауға пайдаланады.
Биіктігі 4 см-дей етіп сәбізді көлденең цилиндр пішінге кеседі, олардыұзынынан екіге бөліп, әрқайсысын радиусы бойынша бөлікшелерге турайды.
Дөңгелекшелер. Шикі дөңгелекшелерді шаруа көжесін, пісірілгенінен салқын тағамдар дайындауға пайдаланады.
Диаметрі бірдей (2,5-3см) сәбізді қалындығы 0,1см дөңгелекшелерге турайды.
Тілімшелер. Шикі тілімшелерден флоттық және сібірлік борщ, пісірілгеннен салат, винегрет дайындайды.
Сәбізді ұзынынан екі немесе төрт бөлікке кесіп, сосын қалындығы 2-3 мм болатындай етіп көлденең кеседі.
Сәбізді күрделі формаға турағанда өрнектеп турау тәсілі қолданылады. Сәбіздің бірдей диаметрлерін алып, айналдыра тегістейді, содан соң үшкір немесе арнайы пышақпен өрнектейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет