құм қалдықтарынан тазарту әрекеті (слайд 9 ).
Көкөністі тазарту дегеніміз-олардан қоректік (астық) бағалылығы төмен бөліктерін қолмен немесе көкөніс тазалағыш машиналар көмегімен тазалау. (слайд 10 )
Көкөністі турау- көкөністерді біркелкі жылу мен өңдеуден өткізуге көмектеседі және оларға әсемдік сыртқы көрініс беріп, дәмін жақсартады (слайд 11, 12 )
Түйнекжемісті көкөністерді өңдеу. Түйнекжемісті көкөністерге –картоп, топинамбур, батат жатады.
Картоп түйнегі крахмалға бай, оның құрамында белок, қант, минералдық заттар, витамин С және В тобы болады. Сондықтан оны тамақтану кәсіпорында көптен өңдейді.
Тазартылған картоп түйнегін тұтас немесе алдын-ала туралған күйінде жылулық өңдеуге пайдаланады.
Картопты жай немесе күрделі формада турайды. (слайд 13 )
Жай формалары: Сабанша
Томарша
Дөңгелекшелер
Тілімшелер
Бөлікшелер
Текшешелер
Қолмен турау – көп еңбекті қажет ететін процесс. Сондықтан оны жеңілдету үшін кең көлемде арнайы құралдар және турағыш машиналар қолданылады (суретте көрсету).
Күрделі формалары: Кеспекшелер
Бұл кезде картопты қолмен турап, жан –жағын айналдыра егеу тәсілі қолданылады. Күрделі формаларды алу үшін арнайы құралдар қолдануға болады. (суретте көрсету).
Сабанша. Майы көп пісіргіде қуыру үшін пайдаланады.
Шикі ірі картопты жұқалап, жалпақтап кесіп, бірінің үстіне бірін қойып, ұзындығы 4-5 см, қиындысы 0,2 х 0,2 см етіп көлденең ұсақтап турайды.
Томаршалар. Оларды қуыруға, борщ (флоттық және сібірліктен басқа) дайындауға, қышқылтым сорпа, жұмыр кеспе бұйымынан жасалған сорпа және басқа тағамдар дайындауға пайдаланады.
Шикі картопты қалындығы 0,7-1 см етіп жалпақтап кеседі де ұзындығы 3-4 см томаршаларға турайды.
Текшешелер. Ірі текшеше түрінде туралған шикі картопты бұқтыруға және сорпа дайындауға, орташаларын «Сүттегі картоп» тағамын дайындауға және бұқтыруға, ұсақ текшешелерден пісірілген картопты турап, салқын тағам, гарнирін және салат дайындауға пайдаланады.
Картопты алдымен жалпақтап кеседі содан соң томаршаға турап, текшешелерге бөлшектейді. Неге арналуына қарай текшешелерді –ірі -2-2,5: орташа - 1-1,5: ұсақ-0,3-0,5 см қиындысы бар текшешелерге бөліп турайды.
Бөлікшелер. Қышқыл сорпа, турам ет (рагу), пештің қақпақты ыстық қуысында (духовкада) пісірілген сиыр етін дайындауға, майлы көп пісіргіде қуыруға пайдаланады.
Ірі емес шикі картопты екіге бөліп, радиусы бойынша бөлікшелерге кеседі.
Тілімшелер. Тілімшелерді салат және винегреттер дайындауға пайдаланады.
Ұсақ немесе орташа мөлшердегі, пісірілген картопты ұзына бойына екіге бөледі, кейін тағыда екіге бөліп, қалыңдығы 1-2 мм түйнектерді ұзына бойымен томаршаларға турайды және тілімшелерге көлденең ұсақтап кеседі.