Сабақтың тақырыбы: Түйнекжемістілер мен тамыржемістілерді өңдеу және турау тәсілдері



бет5/6
Дата16.01.2023
өлшемі31,11 Kb.
#61505
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Түйнекжемістілер мен тамыржемістілерді өңдеу және турау тәсілдері

Жұлдызшалар. Салқын тағамдарды әсемдеу үшін пайдаланады.
Өрнектелген сәбізді қалындығы 1 мм етіп екіге бөледі.
Айдаршалар. Салқын тағамдарды әсемдеу үшін пайдаланады.
Өрнектелген сәбізді ұзынынан екіге бөліп, кейін қалындығы 1 мм болатындай етіп көлбеу-қиғаш түрде турайды.
Шар тәрізділер. Суда пісірілген салқын тағамдар гарнирін дайындауға пайдаланады.
Әртүрлі мөлшердегі сәбізді арнайы кескішпен немесе қолмен жону тәсілі арқылы турайды.

Тазартылған көкөністер мен шала фабрикаттарды сорттау кезінде олардың сапасы төмендемеу үшін, бірден жылумен өңдеуден өткізу керек.


Тазартылған шикі картопты ашық ауада сақтағанда жайлап қараяды, себебі онда тирозин амин қышқылы болады, ол ауадағы оттек пен полифинилоксидаз ферменті әсерінен тотығады да, басқа химиялық зат меланинге (қара түсті) айналып кетеді. Картоп қарайып кетпес үшін оны мұздай суға салып 2-3 сағ. ұстайды. бұл кезде суға қоректік заттар (көмірсулар, С витамині, минералдық заттар) ерип шығады. Картопты қарайтатын ферменттер қыздырғанда бұзылады да, пісірілген картоп қараймайды.
Картопты қараюдан сақтау үшін сульфитациалау әдісіқолданылады. Бұл жағдайда картопты металл торға салып, 0,5-1%- тік натрий бисульфаты ерітіндісінде 5 мин. тоғытады. Сосын оны алып мұздай суда 2-3 рет жуады.
Тазартылған тамыржемісті көкөністерді себетте, жәшікте 0-ден 4ºС-қа дейінгі температурада 12 сағ. артық емес уақыт сақтайды. Көкөністер қарайып кетпес үшін бетін ылғал матамен жауып қояды. (слайд 14 )
ІІІ. Жаңа материалды бекіту (сауалнама арқылы) (слайд 15 )

  1. Көкөністер қандай топтарға бөлінеді?

  2. Тамыржемісті көкөністерге не жатады?

  3. Тамақтану кәсіпорындарында көкөністерді өңдеу қай жерде жүргізіледі?

  4. Көкөніс цехтарында қандай құрал-жабдықтар қолданады?

  5. Көкөністерді механикалық-апаздық өңдеу, қандай әрекеттерден тұрады?

  6. Көкөністерді не үшін сорттайды?

  7. Көкөністерді тазарту алдынан неге жуады?

  8. Көкөністерді қандай мақсатта турайды?

  9. Картоптың турау формаларын атаңыз?

  10. Тазартылған картопты қалай сақтайды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет