Ой толғаныс кезеңі. Жауын-шашын бұлттан пайда болады. Бұлт жер бетінен буланған су тамшыларының атмосфераның жоғарғы қабатында мұз қиыршығына айналып бірігуінен түзіледі. Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды жауын-шашын деп атайды. Жауын-шашын жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау, қылау түрінде болады. Шық пен қырау – ауадағы будың жер бетіндегі түрлі денелерге жанасуынан пайда болатын ылғал. Оның қырау болып қатуы немесе шық тамшысына айналуы ауа температурасына байланысты. Тұман ауада жиналған будан пайда болады. Қылау – аязды түні ағаш бұтағына, электр сымына, тағы басқа заттарға тұрып қалатын, қарға ұқсас, өте ұсақ мұз қиыршығы. Ал бұршақ қар мен жаңбыр тәрізді өте биікте түзіледі. Бұршақ жылы күндері жаз кезінде жауады. Ол – қатты, домалақ мұз түйіршігі. Ірі бұршақ шаруашылыққа зиян келтіреді.
Сен білесің бе? Жер бетіне түсетін жауын-шашын мөлшерін арнайы
құралмен өлшейді.